Қазақстан чемпионатының 23-турында «Атырау» командасы «Таразбен» сырт алаңда ойнады. Тартысқа толы матч тең аяқталды.
Меймандар 2-минутта-ақ алға шықты: Алекс ДЖУНИОРДЫҢ жақсы пасынан кейін Петр ГЖЕЛЬЧАК гол соқты. Бірінші таймның соңында алаң ойыншысы Тимур ДОСМАҒАМБЕТОВ есепті теңестірді.
57-минутта төреші «Тараз» қақпасына пенальти белгіледі. Жиан МАРТИНС оң жақ бұрышқа доп соқты. Бірақ жеткілікті дәрежеде күшті болмай, қақпашы допты бұрышқа бұрып үлгерді. Ал үш минуттан соң «Тараз» 11 метрден доп соғу құқығын алды. Урош НЕНАДОВИЧ бұрышқа допты қатты соққандай болған, бірақ бұл жерде «Атырау» қақпашысы Арам ХАЙРАПЕТЯН керемет өнерін паш етіп, допты секіріп қағып алды.
73-минутта қарсы шабуылдардың бірінде Гжелчак тағы да ерекшеленіп, қонақтарды алға шығарды. Матчтың соңы алаң иелерінің шабуылымен аяқталып, соңғы қосымша 7-минутта есепті 2:2 есебімен теңестірді: Бауыржан БАЙТАН қолы тигені үшін айып алаңында белгіленген пенальтиді жүзеге асырды.
Осы тең ойыннан кейін 27 ұпаймен «Атырау» 10-орынға жайғасты. Чемпионаттың аяқталуына үш тур қалды, қандай жағдайда да біздің команда шығып кетпейді. Турнир кестесінің соңында тұрған «Қайсар» мен «Жетісудың» ұпайы тым аз. Екінші жағынан, тым болмаса алғашқы алтылыққа ену мүмкіндігі бар.
Келесі ойын 16 қазанда шымкенттік «Ордабасымен» сырт алаңда өтеді.
Айнұр САПАРОВА