Кореяның Ауруды бақылау және алдын алу агенттігінің (KDCA)мәліметінше, елде COVID-19 жұтырудың тағы да 2427 жадайы тіркеліп, ауруға шалдыққандардың жалпы саны 325804-ке жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат YONHAP агенттігіне сілтеме жасап.
Күн сайынғы ауру жұқтыру жағдайлары сәрсенбі күні тағы да 2 мыңнан асты, дүйсенбі және сейсенбіде тестілер санының аздығынан инфекцияға шалдыққандар саны 2 мыңнан кем болған еді.
Оңтүстік Кореяда 26 қыркүйектен бастап күніне 2000-нан астам жағдай тіркелген, Чусок мерекесінен кейін алғаш рет күнделікті анықталған коронавирус жағдайларының саны 3000-нан асты.
Ауру жұқтырудың «сырттан» әкелінген жаңа жағдайларының саны 27-ге жетті, олардың жалпы саны 14 617 жағдай.
KDCA мәліметтері бойынша, бүкіл ел бойынша ауыр белгілері бар науқастардың саны 375-ке жетті, олардың саны бір күн бұрын 354 болған.
Елде COVID-19-дан тағы сегіз адам көз жұмды, жалпы өлім жағдайларының саны 2544-ке дейін көбейді.