Атырау, 9 қазан 22:23
 ашықВ Атырау +14
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Атырау әкімі Қайрат Оразбаев: «Зауытты сағынатын уақыт жоқ»

1 643 просмотра

Атырау қаласының әкімі Қайрат ОРАЗБАЕВ журналистермен «еркін форматта» кездесті. Сұрақтарға берген жауаптарда оның жеке өмірі, орынбасарлары, түнгі қала, біздің газет және тағы басқалар жөнінде айтылды.

 

«АТЫРАУҒА ТАРТЫП ТҰРАДЫ»

Мен қалада дүниеге келдім, ол кезде Гурьев деп аталды. Маңғышлақта өстім, 1987 жылдан бері Атырауда тұрамын. Арасында Алматы мен Астанада (қазіргі Нұр-Сұлтан) жұмыс істеген кездерім болды. Өзімді атыраулықпын деп санаймын. Қай жаққа жолға шықсам да, екі күннен кейін үйге кеткім кеп тұрады. Жеті немерем бар, демалыс күндерімді көбіне қала сыртындағы үйімде өткіземін, тамақ әзірлейтінім бар, табиғатта демаламын. Тағамнан шығыс асханасы ұнайды.

 

ЗАУЫТТЫ САҒЫНБАЙМЫН

Мені қала әкімі қызметіне шақырады деп мүлде күтпедім. Жалпы, өзімді мемлекеттік қызметші ретінде елестеткен емеспін. Келістім, қала тұрғындары алдында жауапкершілігім қаншалықты екенін түсінемін. Зауытты сағынамын ба? Оған өмірімнің көп жылын арнадым, бірақ қазір сағынатын уақыт та жоқ, қазіргі қызметімде жұмыс көп.

 

КӨЛІК ҚОЯТЫН ОРЫН МЕН САЯЖАЙШЫЛАР ТУРАЛЫ

Атырауда көлік қоятын орын жеткіліксіз. Бұл бірден байқалады. Бұл мәселені шешуге тырысамыз. Қазір қала әкімдігі салынып жатқан әрбір тұрғын үй кешені пәтер санының кемінде 50 пайызын көлік қоятын орынмен қамтамасыз ету шартын қойып отыр.

Қала тұрғындарының жаппай демалатын орындарына көлік қоятын орындар жасау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Иә, біз бұл мәселеге қатысты сәл кешіктік. Біздегі менталитет мынадай - ешкім көлікті сәл алысқа қойып, кішкене жүргісі келмейді, дәл нүктеге жетіп қоюы керек.

Әкімдік алдындағы көлік қоятын орынның қалай өзгергенін көрдіңіз бе? Шлагбаумды, будканы алып тастады, аумақты адамдар үшін қол жетімді етті. Болашақта Атырау еш кедергісіз қалаға айналуы керек.

…Бізде өнімді бітік жинайтын саяжайшылар көп. Мен бұған былтыр оларға сорғылармен, инженерлік тораптармен көмектескенде назар аудардым. Бірақ қияр мен қызанақ сатқан саяжайшыларды көрген емеспін. Оларға орын бермейтінін айтады. Олай емес. Тіпті әкімдіктің қасына кеп сатыңыз!

 

«ТҮНГІ АТЫРАУ ӨТЕ ӘДЕМІ»

Атырауда түрлі франшиза дамуда. Қазір мұнда сауда нүктесін ашқысы келетін танымал брендтердің саны артып, дәмхана желілері ашылуда. Демек Атырау инвесторлар үшін тартымды.

... Адамдар қоғамдық көлік жұмысына шағымдануды азайтты. Бірақ қазір цифрландыруды енгізу маңызды. Біз автобусқа қайдан және қанша адам мінетінін, оның қалай жүретінін көрмейміз. Дауыспен хабарлайтын және айқын жазулары бар автобустарды көбейткіміз келеді. Бізде автобустар резерві жақсы, маршрутқа қажет мөлшерде автобус шығара аламыз. 

... Маған күндізгіден гөрі түнгі Атырау ұнайды. Үйлердің көмескі жарығы өте әдемі боп жанып тұрады. Болашақта әр ғимараттың осылай «жарқырап» тұруын жоспарлап отырмыз. Өте әдемі көрінеді. Иә, қазір әуежайға баратын жолға дұрыс жарық берілуі қажет. Бұл мәселе шешілуде.

 

«КТҚ-НЫ СЕНІМДІ БАСҚАРУҒА БЕРУГЕ БОЛАДЫ»

Біз кәріздік-тазарту қондырғысында (КТҚ) іске қосу-реттеу жұмыстарын аяқтап, барлық сапа параметрлеріне сәйкес келетін алғашқы таза суды алдық. Ендігі міндет - КТҚ-ны адамдар аз жұмыс істейтін автоматты жұмыс режиміне көшіру. Жаңалықтардан: ультракүлгін тазарту, бұл тазалаудың соңғы кезеңі, болашақта біз бұл суды өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін қолданғымыз келеді, қазірдің өзінде сұраныстар бар. КТҚ болашақта коммерциялық шарттармен жұмыс жасай алады, оларды сенімгерлік басқаруға беруге болады. КТҚ-ны ұстауға бюджет ақшасын жұмсамай, оны өндірістік кәсіпорындармен жұмыс істейтін және барлық шығындарды жабатын құрылымға берген дұрыс.

... Бүгінде бекітілген Атыраудың Бас жоспары мен Егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарына сәйкес ескі қала аумағында орналасқан объектілерді кезең-кезеңімен бұзу жүріп жатыр. Бірінші кезең бойынша жалпы сомасы 7,3 млрд теңгеге 262 нысанның 254-і алынды, қазір екінші кезең жүріп жатыр. Босаған аумақтарға Тұңғыш Президент саябағын, 2000 орындық мектеп, балабақша, Достық үйі, облыстық мұрағат, музей ғимараттары, сондай-ақ көпқабатты тұрғын үй кешендерін салу жоспарлануда.

... Биыл тұрғын үйді пайдалануға беру шамамен 850 мың шаршы метрді құрайды, оның ішінде тоғыз қабатты 9 үй МЖӘ аясында салынған. Біз Талғайран спутник-қалашығының алғашқы 6 үйін пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз.

 

«АҚ ЖАЙЫҚ» ТУРАЛЫ

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарын, атап айтқанда, «Ақ Жайық» газетін қадағалаймын. Бұл басылымның халықпен байланысы жақсы.

 

ӨЗ ОРЫНБАСАРЛАРЫ ТУРАЛЫ

Жас жігіттер, бірақ мемлекеттік қызметте тәжірибесі бар. Әрқайсысының өз бағыты бар. Мен үшін басты критерий - жұмыс тиімділігі. Әзірге оларға сенімсіздік танытуға себеп жоқ.

Фархат АБИЛОВ

6 қазан 2021, 18:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.