Атырау, 9 қазан 22:20
 ашықВ Атырау +14
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Атыраулық жүк тасымалдаушылар наразылыққа шыға алмады

1 365 просмотра

Жақында еліміздің кейбір аймақтарында (Ақтау, Павлодар, Қостанай) ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері наразылық акциясын өткізді. Алыс жолға қатынайтын жүк тасымалдаушылар республикалық маңызы бар кейбір көлік жолдарымен жүру ақысының енгізілуіне, сондай-ақ дизель отынының тапшылығына қарсылық білдірді. Атыраулық жүк тасымалдаушылар да осындай акция ұйымдастырмақ болған, бірақ ол өтпей қалды. 

Жергілікті жүк тасымалдаушылар қатарындағы сұхбаттасушыларымның (олардың ешқайсысы өздерін таныстырғысы келмеді) айтуынша, жүк көліктерімен жиналуды жоспарлаған жол учаскесін полиция патрульдері алдын ала жауып тастапты.

- Біз шықпадық, өйткені барлық жерде полиция тұрғанын естідік, - дейді сұхбаттасушыларымның бірі. - Жалпы, жағдай, әрине, қандай да бір шешімді қажет етеді. Жол ақысын не үшін төлейтініміз бізге түсініксіз. Жолдар жақсы болса екен, бірақ олай емес қой. Тағы бір проблема - солярка тапшы әрі бағасы қымбат. Атырауда, мысалы, ол 206 теңге тұрады, жанармай құю бекеттерінде лимит бар - 50 литрден аспайды. Бірақ бұл алыс сапар үшін жеткіліксіз! 

Басқа сұхбаттасушым, ақтаулық жүк көлігінің жүргізушісі де осылай деді: 

- Бізде «Гелиос» бекеттерінде солярканың бағасы - 214 теңге. Қолма-қол ақшамен бізге күніне 400 литр тиесілі, бірақ тек 50 литр ғана береді. Солярканың қымбат болуына байланысты қызметіміздің құнын көтеруге мәжбүрміз. Мысалы, бұрын Ақтаудан Жаңаөзенге дейін 80 мың теңгеге жүк тасымалдайтын болсам, қазір 100-110 мың теңге сұраймын. Тағы бір мысал: бұрын Ақтаудан Атырауға жүк тасымалдау 250 мың болса, қазір 300-350 мың теңге. 

Айнұр САПАРОВА

6 қазан 2021, 16:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.