АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп 25 жыл ішінде алғаш рет Forbes бойынша ең бай 400 америкалықтың тізіміне енбей қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Журналдың мәліметінше, рейтингте орын алу үшін Трамптың 400 миллион доллары жеткіліксіз болған. Коронавирус пандемиясы кезінде оның байлығы 600 миллион долларға азайып, 2,5 миллиард долларға жетті. Былтырғы рейтингте ол 339-шы орында болған.