Атырау, 9 қазан 23:16
 ашықВ Атырау +14
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Әуе компаниясы кешірім сұрады

1 080 просмотра

Fly Arystan компаниясы церебралды сал ауруымен ауыратын қызы екеуін ұшақтың ең артқы жағына отырғызған әйелден кешірім сұрады. Әуе компаниясы мұны «қызға жайлы болу үшін» жасалды деп растайды. 

Fly Arystan әуе компаниясы «Атырау-Шымкент» рейсіндегі жағымсыз оқиғаны растап, Гүлжан ХУСАИНОВАДАН кешірім сұрады. 

«Fly Arystan әуе компаниясы әрбір жолаушысын бағалайды. Сол себепті жолаушы арнайы көмек сұрағаннан кейін барынша қолдау көрсету үшін шаралар алынды: арнайы арба берілді, бортқа басымдықпен отырғызу ұйымдастырылып, амбулифт қызметі көрсетілді, - деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі. - Әуе кемесінің бортынан орын беруге келсек, бұл рейсте бос орындардың болуына байланысты, жолаушыға ыңғайлы орналасу үшін ұшақтың бос бөлігіне көшу ұсынылғанын хабарлаймыз». 

Г.Хусаиноваға билет ақшасын қайтарып беріп, тағы бір ұшу рейсіне сертификат ұсынды. 

- Біз өз құқығымыз үшін күресуіміз керек. Неліктен мүмкіндігі шектеулі жандарды кемсітеді? Мұндай енді қайталанбауы тиіс, - деді Гүлжан Хұсаинова «AЖ» тілшісіне, біздің басылымға жарияланым үшін алғысын айтып. 

Бұдан бұрын «АЖ» Fly Arystan әуе компаниясының бортсеріктері Гүлжан Хусаинова мен оның церебральды сал ауруына шалдыққан 15 жастағы қызын ұшақ салонының ең артқы орындықтарына отырғызғанын, алайда оның алдыңғы орындар үшін қосымша ақы төлегенін хабарлағанын еді.

Фархат АБИЛОВ

6 қазан 2021, 10:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.