Атырау, 9 қазан 23:14
 ашықВ Атырау +14
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Шөп өртеніп, 3 бала қаза болды

1 628 просмотра

5 қазанда, кешкі сағат 21.40 шамасында Махамбет аудандық полиция бөліміне кәмелетке толмаған үш баланың - 7 жасар екі ұл бала мен 8 жасар қыз баланың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Балалар сағат 18.00 шамасында ойнауға шығып кетіп, үйге оралмаған.

Сол күні сағат 19.27-де жедел кезекші пультіне Махамбет ауданы Ортақшыл ауылы Жаскеленов көшесіндегі үйдің ауласына жиналған 22 дана бума шөп жанып жатқаны туралы хабар келіп түсті.

Өрт сағат 23.07-де толығымен сөндірілген. Өртенген шөптің арасынан жоғалған балалардың сүйегі табылған. ПД хабарлағандай, ҚР ҚК-нің 292-бабы (Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

6 қазан 2021, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.