Атырау, 25 қараша 01:38
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

16 жастағы қыз сәбиін дәретханада туған соң тұншықтырып өлтірген

1 826 просмотра

Краснодар өлкесінің Славянск-на-Кубань қаласында 16 жастағы қыз көше дәретханасында сәбиін босанып, оны тұншықтырып өлтірген. Бірнеше күннен кейін ресейлік ару қатты қан кету салдарынан көз жұмған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, қыздың анасы оның жүктілігі туралы білсе де, жасөспірімді әйелдер консультациясына тіркеуге қоймаған және ешқашан емханаға жүгінбеген.

16 жастағы бойжеткен баласын үйдің жанындағы дәретханада дүниеге әкелген. Бұдан соң оның бетін жастыққа қаратып, жатқыза салған. Салдарынан нәресте тұншығып қалады. Сөйтіп жаңа туған нәрестені көшеге қалдырып кеткен. Ал анасынан көп мөлшерде қан кетеді. 

Дереккөздің хабарлауынша, үш күн бойы қызының ауырғанына қарамастан анасы дәрігерлер шақырмаған. Әйел тек бойжеткен есінен танып, өмірлік белгілер бермегенде ғана жедел жәрдем шақыртқан. Дәрігерлер келгенде қыздың көз жұмғанын анықтады. 

"Жасөспірімнің анасы шу шығып кетеді деп қорыққан. Сол себепті жедел жәрдем шақыртпай, қан кетуді өздігінен тоқтатуға тырысқан", — дейді ақпарат көзі.

Тәртіп сақшылары босанғанға дейін әйел қызына түсік тастататын дәрі-дәрмек салған деп болжайды. Бала 5-6 айлығында өмірге келгеніне қарамасан сап-сау болған. 

5 қазан 2021, 17:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.