Атырау, 9 қазан 23:19
 ашықВ Атырау +14
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

«Онкология диспансерін №2 облыстық ауруханаға көшіру мәселесі әлі талқылануда»

1 218 просмотра

Онкология диспансерін Нұрсаядағы №2 облыстық аурухананың ғимаратына немесе басқа стационарға көшіру туралы шешім әлі қабылданған жоқ, деп мәлімдеді брифингте денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан БАЙДУӘЛИЕВ.

Онкология диспансерінің Нұрсаядағы көпбейінді аурухана ғимаратына көшуі мүмкін екендігі туралы хабар Атыраудағы медицина жұртшылығын қатты алаңдатты. Бұл жағдайда стационардың жұқпалы аурулар бөлімін модульдік ауруханаға ауыстыру қажет болады. Оның жеке тамақтану блогы, кір жуатын орны, ең бастысы балалар реанимациясы жоқ. Бұл жағдайда инфекционистер қалай жұмыс істейді? - деп сұрады «АЖ» облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысынан.

- Модульдік аурухана құрылысы 2020 жылы басталды, ал 2021 жылы пандемия мен облыстағы күрделі ахуалға байланысты науқастарды қабылдай бастады. Жобаны іске асыруды тездетуге байланысты онда кір жуатын орын, асхана, дезинфекциялау бөлмелері және т.б сияқты тіршілікті қамтамасыз ететін объектілер салынбады. Болашақта бұл мәселе шешілетін болады. Жер жеткілікті, жаңа объектілер толық сыяды. Ал әзірге проблема аутсорсинг компанияларының көмегімен шешілуде, - деп жауап берді А.Байдуәлиев. Балалар реанимациясы туралы мәселе жауапсыз қалды.

- Соңғы екі жылдағы тәжірибені ескере отырып, біз КВИ-дың жаңа толқыны болмайтынына еш кепілдік жоқ екенін жақсы түсінеміз. Егер стационарлардың бірі ковидпен ауыратын науқастарды емдеуге пайдаланылмаса, ахуалдан қалай шығады?

Бұл сұраққа облыстың бас дәрігері облыс пен Атырау қаласын дамытудың кешенді жоспарын әзірлеу кезінде жаңа заманауи емханалардың жетіспеушілігі мәселесі нақты белгіленгені, сондықтан жоспарға екі типтік емхана, жедел жәрдем станциясы, психикалық денсаулық орталығы, 350 төсектік көпбейінді аурухана құрылысының енгізілгенін айтты. Ол сондай-ақ КВИ-ден басқа бізде кардио-, онко-, фтизиатриялық аурулардың пайызы жоғары екенін атап өтті. Ал ең өзекті мәселелердің бірі - онкология.

- Тіпті қаражат болса да тағы бір маңызды фактор бар, ол - уақыт. Жаңа онкология диспансерінің құрылысы кемінде үш жылға созылады, ал науқастарға көмек қазір қажет. Олар көп, әрі қарай көбею үрдісі байқалады. Сондықтан біз Денсаулық сақтау министрлігімен және жергілікті атқарушы органдармен келісе отырып, онкология диспансерін қолданыстағы ғимараттың біріне көшіру мәселесін пысықтап жатырмыз. Мүмкін болатын нұсқалардың бірі - №2 көпбейінді аурухана. Болашақта таңдалған ғимаратқа радиологиялық корпус жалғап салу жоспарлануда, жобалық-сметалық құжаттары дайын. Корпусты ең заманауи жабдықтармен - МРТ, КТ, сызықтық үдеткіш, гамма-сәулелендіргішпен жарақтау қажет - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Ал «күрелуі жоспарланған онкология диспансерінің ескі ғимаратының орнына не салынады?» деген үшінші сұрақты «АЖ» қойды. Онкология диспансерінің қазіргі ғимараты өте жақсы жерде, өзен жанында орналасқан. Келеңсіз мысал бар: ескі жұқпалы аурулар ауруханасының орнына (Владимирского көшесінде) МЖӘ шеңберінде ірі оңалту орталығын салу жоспарланған болатын, бірақ содан кейін инвестор «Атырау» ӘКК үлесін сатып алып, енді ол жерде жеке меншік нысан салынып жатыр.

- Бұл учаскеде не салынатыны туралы нақты жоспар жоқ. Өйткені  онкология диспансерін көшіру мәселесі әлі талқылануда. Болашақта бұл учаске медициналық мақсатта қолданылады. Атырауда ковидтен кейін, жарақаттан кейін, кардиооңалту үшін оңалту орталықтарына сұраныс бар. Учаске осы мақсаттар үшін пайдаланылады деп ойлаймын, - деп жауап берді А.Байдуәлиев.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

5 қазан 2021, 15:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.