Атырау, 9 қазан 23:16
 ашықВ Атырау +14
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Өрт кезінде екі көлік жанып, бір адам зардап шекті

Сурет
1 798 просмотра

4 қазан күні күндіз Құрманғазы ауданы орталығында тұрғын үй отқа оранып, бір адам жарақат алып, екі көлік өртеніп кетті.

Оқиға орнына өрт сөндірушілері жеткен кезде ауданы 150 м2 (5х30 м) болатын уақытша тұрғын үй мен жапсарлас салынған гараждың төбе жабындысы ашық отпен жанып жатқан. ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға салдарынан 32 жастағы Өзбекстан азаматы II-ші дәрежелі термиялық күйік жарақатын алып, аудандық орталық ауруханасына жатқызылды. Бұдан басқа, гараждың ішінде тұрған «Toyota Ipsum» және «ВАЗ-2114» көліктері түгел жанып кетті.

- Өрт сөндірушілердің жедел әрекет етуінің арқасында уақытша тұрғын үйдің толық жануына жол берілмеді, - деп хабарлады ТЖД. Өрт себебі анықталуда. 

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

ТЖД жолдаған суреттер

5 қазан 2021, 15:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.