Атырау, 21 желтоқсан 13:55
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Спорт жаңалықтары

1 548 просмотра

Нұр-Сұлтанда, Алматыда және Шымкентте тірек-қимыл аппараты мен көру қабілеті бұзылған спортшылар арасында Қазақстан Республикасының VI спартакиадасы өтті. Онда атыраулық қатысушылар ойдағыдай өнер көрсетті.

Шахматтан Әсемгүл Ғабдуллина күміс, паракаратешілер Тыныштық пен Наурызбек Шакиев алтын, Амангелді Ешімов қола алқаға ие болды. Паратаэквондо жарыстарында Нұрлан Домбаев, Жанболат Қазиев пен Әлішер Ғарифолла өз салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанса, Ғибратжан Бақберген мен Қуандық Сағындық күміс алқамен марапатталды.

Ал жеңіл атлетикадан біздің спортшылардың қоржынына 24 алқа - 7 алтын, 14 күміс және 3 қола алқа түсті. Нәжімеден Төлегенов 100 және 200 метрге жүгіруде ең мықты спортшы болды, Нұрлыбек Исатаевқа ядро, диск пен найза лақтыруда, Гүлбақыт Қайыржановаға диск лақтыруда, Есболат Балбаевқа өз салмақ дәрежесінде ядро лақтыруда тең келер жан болмады.

* * * * *

Астраханьда қоян-қолтық ұрыс бойынша халықаралық «Каспий маңы елдерінің кубогы» турнирі өтті. Бапкер Хайдар Есенғалиев бастаған Атырау облысының құрамасы мұнда екінші командалық орын иеленіп, тек Ресей құрамасына есе жіберді.

Ернар Қожахметов алтын, Эльдар Отарәлі, Әлихан Сейітов, Эльдар Мұхитов пен Мирас Шынтасов күміс, Ержан Медеуов пен Артур Қожағалиев қола алқа алды.

5 қазан 2021, 14:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.