Атырау, 26 сәуір 12:06
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қылмыс хроникасы

1 532 просмотра

«Бекіре-2021» іс-шарасы кезінде Атырау облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері «ВАЗ-2114» көлігін тоқтатты, оның жүксалғышында 20 бекіре тұқымдас балық болды. 28 жастағы жүргізушінің көлікжайынан тағы 84 бекіре тұқымдас балық табылды. Браконьерлікпен ауланған балықтың жалпы салмағы 362 кг болды. ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы («Жануарлардың пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз айналысу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

* * *

Атыраудың бұрын сотталған 31 жастағы тұрғыны 31 және 32 жастағы екі сыбайласымен бірге пәтерлер мен жеке үйлерге ұрлық жасауды кәсіп қылған. Атап айтқанда, ұрылар «Жерұйық» ықшам ауданындағы үйлердің біріне терезе арқылы кіріп, үй иесінің жалпы сомасы 2 миллион 610 мың теңге болатын әшекей бұйымдарын (сырға, алқа, кулон, неке жүзігі) ұрлап кеткен. Бұған қоса, бұл үшеуі бұрын қылмыстық топтың жетекшісі жұмыс істеген мекеменің қоймасынан құрылыс материалдарын ұрлаған, залал 12 миллион теңгеден асады. ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жақында сот «басшысын» 6 жарым жылға, ал оның сыбайластарын 5 жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасын берді..

* * *

28 қыркүйекте белгісіз біреу Самал ықшам ауданындағы құрылыс алаңдарының бірінен ток генераторын ұрлады, залал 150 мың теңгені құрады. Полицейлер бейнебақылау камерасының көмегімен күдіктіні анықтап, ұстады. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

* * *

15 жастағы жасөспірімнің 38 мың теңгесін тонап кеткен ұры ұсталды.

21 қыркүйекте сағат 15:30 шамасында Атырауда дүңгіршектен азық-түлік сатып алып жатқан кәмелетке толмаған баланың қолындағы ақшаны байқаған белгісіз ер адам оны тонап, қашып кеткен. 15 жастағы жасөспірім 38 мың теңгесінен айырылған. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында бұрын қарақшылық пен ұрлық жасағаны үшін сотталған 25 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады.

* * *

24 қыркүйекте сағат 17:20 шамасында, Атырау қаласы полиция басқармасының жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы Авангардтағы көп қабатты үйлердің бірінің ауласында белгісіз біреудің «Mitsubishi» көлігінің мемлекеттік нөмірін түсіріп алып, оны қасында тұрған «Мерседеске» бекітіп, кетіп қалғанын көреді. Көп ұзамай патрульдік полиция қаскөйді ұстады. ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-тармақшасына сәйкес («Көрiнеу жалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi бар көлiк құралын басқару»), оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, бір жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылады.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

5 қазан 2021, 14:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.