Атырау, 9 қазан 23:22
 ашықВ Атырау +14
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Ковид кезіндегі зират хроникасы

1 453 просмотра

Жыл жарымға жалғасқан коронавирус індеті ешкімді аяған жоқ. Ең қиын кезең 2020 жылдың жазына тура келген еді. Зираттарда вирустан өлгендерді жерлеп үлгермей жатты. «АЖ» тілшісі «Ноғай» мұсылмандар зиратын сенімгерлікке алған кәсіпкер Сырым КУЛЬЧИЕВТЕН қазіргі ахуал туралы білді. 

- Осы бір жарым жыл ішінде ең қиын қай кезең болды?

- Есімізде қалған 2020 жылғы маусымның бірінші жартысы болды. Осы 15 күнде арнайы бөлінген жерде (14-блок) 85 адам жерленді. Қабіршілер үлгермей, туыстарынан өздері қазып алуын сұраған кездер болды. Карантинге дейін орташа есеппен күніне бір адам жерленіп, кейде тыныш күндер де болатын. 

Бірақ қазір де коронавирустан қайтыс болғандар көп. Осы жылы маусымның аяғынан қыркүйекке дейін мұнда 176 адам жерленді. Рас, қазір туыстарының жанына жерлеуге рұқсат етілген.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді түсірген автор

5 қазан 2021, 14:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.