Атырау, 9 қазан 23:22
 ашықВ Атырау +14
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Ауыл мұғалімі босанып, сәбиін қоқысқа тастаған

1 671 просмотра

Атырау облысында ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы Жаңа туған баланы анасының өлтiруi») бойынша айыпталған әйелге үкім шығарылды.

Бұл оқиға осы жылдың 23 қаңтарында болған. 36 жастағы ауыл мұғалімі жүктілігінің соңғы айында болса да, дәрігерге бармай, өзі босанып, шақалақты қоқыс контейнеріне тастаған. Үйіне қансырап келген соң күйеуі «жедел жәрдем» шақырған. Ауруханада әйелдің жаңа ғана босанғанын анықтап, полицияға хабар береді. Полиция сәбидің мүрдесін қоқыстан тауып алады. Саршұнақ аяздан сәби аман қалмайды.

Тергеу барысында әйелдің күйеуінен жүкті болғанына күмән келтіріп, босанғаннан кейін бірден осы қылмысқа барғаны анықталады. Сотта ол бар кінәсін мойындап, шын өкінетінін айтты. Ол осы оқиғадан кейін күйеуімен некелері бұзылғанын, төрт баласын өзі асырайтынын, соған байланысты жеңіл жаза тағайындауды өтінді.

Сот оны жыл жарымға бас бастандығынан айырып, білім беру саласында лауазымдар атқаруға тыйым салды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

5 қазан 2021, 13:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.