Атырау, 9 қазан 23:20
 ашықВ Атырау +14
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Ауылдағы амбулатория: «фотоға түсіруге болмайды»

Сурет Бейнежазба
1 585 просмотра

Қызылқоға ауданы Қарабау ауылының мәдениет қызметкерлерінде жеке ғимарат жоқ. Жергілікті медиктердің жағдайы олардан сәл тәуір.

- Соңғы жылдары біресе анда, біресе мында көшіп-қонып жүрміз. Бір апта бұрын ауылдық әкімдіктің ғимаратына орналастық, - дейді Естай мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Дастан САРКЕНЖЕ.

Ал ескі балабақшаның бір бөлігінде дәрігерлік амбулатория орналасқан. Аядай бөлмені, әрі қарай тіркеу орнын, сосын медбикелер отырған үлкендеу бөлмені көрдім. Бұл бөлмеде дәрігер науқастарды қабылдайды. Еденінің сыры кете мүжіліп, төбеден су ағып, қабырғалардың сылағы түсіп жатқан бөлмелерде науқастарды қалай қабылдайтынын түсіне алмадым.

Екпе бөлмесі адам шошырлық кейіпте. Аядай бөлмеде медбикелер система да салады. Олардың айтуынша, қыста дірдек қағып отыра алмайды, қабат-қабат қалың киініп жүргендері. Осы көріністерді суретке түсіріп бола бергенде, мейірбекенің бірі жүгіріп келіп, әкім мен дәрігер суретке түсірмеуді өтінгенін айтты.

Ал ауыл шетінде бюджеттің 97 млн теңгесіне салынған жаңа дәрігерлік амбулатория ғимараты әлі тапсырылмаған.

Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Айдулат КЕНЖЕБЕКОВ:

- Жаңа амбулаторияға қатысты проблемалар болды, бірақ ұзамай қабылдап аламыз. Ал 300 орындық мәдениет үйінің жобалық-сметалық құжаты әзір. Құрылыс жүргізуге ақша сұраймыз.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

5 қазан 2021, 12:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.