Атырау, 9 қазан 23:14
 ашықВ Атырау +14
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

«Астрахань» жолын кім және қаншаға қайта жаңартуда

1 563 просмотра

Жақында Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Ақтөбе-Атырау-Астрахань РФ шекарасы» автожолын жөндеу жұмыстарының жүру барысы жайлы айтылды.  Ақтөбе - Атырау учаскесіне асфальт төсеу жұмыстары осы жылдың соңында аяқталады. «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ директорының орынбасары Әсет ОРАЗҒАЛИЕВТЫҢ айтуынша, бүгінде бұл учаскеге 400-ге жуық адам, оның ішінде 100-і жергілікті жұмысшы, 250-ге жуық арнайы техника тартылған.

«Атырау - Астрахань - РФ шекарасы» жолының 277 шақырымы жобалау барысында 6 бөлікке бөлінген. Соның 833-853 км аралығын құрайтын бір учаскесі былтыр пайдалануға берілді. Басқа бес учаскеде жұмыс жалғасуда. Оларды 2023 жылдың бірінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл жерде 600-ге жуық жұмысшы (оның 270-і жергілікті), 300-ге жуық жол техникасы жұмыс істейді.

Бұл жерде жолдың негізгі қабаттары төселіп болды. Енді беткі қабаттарын, яғни асфальта жабындысын төсеу жұмыстары қалған. Бұл учаскені жыл аяғында қолданысқа беру жоспарланып отыр.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Самат АЙТҚАЛИЕВ әр учаскедегі жұмыс құны туралы «АЖ» сауалына жауап берді.

«Бірінші бағыт: Ұзындығы 155 шақырымдық «Атырау - Ақтөбе» учаскесі. 2015-2017 жылдары аралығында 468-458 учаскесінде жол-құрылыс жұмыстары аяқталды. Келісімшарт құны – 2 млрд 186,5 млн теңге. Қазір 330-458 км учаскесі қайта жаңартылуда. Мердігерлер – «Шанхай Контракшн Групп ЛТД» ЖШС мен «Ақжолқұрылыс» ЖШС. Құны 26 млрд 636,6 млн теңге, қаржыландыру Азия Даму банкінің займы есебінен жүзеге асырылуда.

Ұзындығы 17 шақырым (487-504 шақырым аралығы) «Мақат-Доссор» учаскесінде жұмыстар аяқталды (мердігер - «Ant Insaat Maden Sanayi A.S» АҚ), құны 3 млрд 177,2 млн теңге, Азия Даму банкінің займы есебінен қаржыландырылды.

Екінші бағыт: Ұзындығы 277 шақырым «Атырау - РФ шекарасы» учаскесі (616-893 учаскесі). 60 шақырымының (893-833 учаскесі) 20 шақырымы (833-853 учаскесі) қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді, қалған 40 шақырымы (853-893 учаскесі) қайта жаңартылуда. Мердігер мекемелер - «Сине Мидас Строй «БК» ЖШС мен «Тодини Констракшн Дженерали» АҚ. Құны 22 328,7 млн теңге, 2018 жылы 955,4 млн теңге, 2019 жылы 8 млрд 800 млн теңге, 2020 жылы 7 млрд 762 млн теңге игерілді. Қазіргі уақытта негізгі жолдың топырақ қабаты кеңейтіліп, қиыршық тасты қоспадан төменгі және жоғарғы, жол жамылғысының асфальт қабаттары төселуде және жол бойындағы көпірлер жаңартылуда. Сонымен қатар, айналма жолдың құрылысы аяқталды. Нысанда 173 адам тұрақты жұмыспен және 97 арнайы техникамен қамтылған. 

648-693 шақырым учаскесіне «Тодини Констракшн Дженерали» компаниясы су өткізетін құбыр құрылысы мен жер жұмыстарын орындауда. 106 адам жұмыспен және 45 арнайы техникамен қамтылған. Құны 14,6 млрд теңге.

693-753 шақырым аралығында «Ant Insaat Maden Sanayi A.S» ЖШС жұмыс жасауда, 92 адам жұмыспен және 49 арнайы техникамен қамтылған. Құны 13,5 млрд теңге.

753- 833 км учаскеде «Сине Мидас Строй» ЖШС-де 55 адам жұмыспен және 21 арнайы техникамен қамтылған. Құны 15,7 млрд теңге.

616-648 км учаскенің мердігері - «Лянкяран Йол Тикинти» ААҚ, бұл жерде 110 адам мен 59 арнайы техника жұмыс жасайды. Құны - 9,6 млрд теңге.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

5 қазан 2021, 12:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.