Атырау, 25 қараша 01:32
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ресейде Мәңгілік алауға шұлығын кептірмек болған ер адам айыпталды

1 079 просмотра

Ресейдің Миасс қаласында сот Мәңгілік алауға шұлығын кептірмек болған ер адамды екі айға қамады. Үй-жайы жоқ қаңғырып жүрген 40 жастағы ер адамға “нацизмді ақтады” деген айып тағылған. Бұл жөнінде  “Медиазона” сайтына сілтеме жасап Азаттық радиосы жазды. 

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, ер адам отқа бірнеше пластик гүл тастап, алауды қаттырақ қыздырғысы келген. Соның салдарынан монументтің жоғарғы бөлігі күйіп кеткен. Кейін полиция бейнекамераларға қарап отырып, ер адамды тауып ұстаған. Вандализм бойынша іс қозғаған.

БАҚ-та Мәңгілік алауды өртегені жайлы ақпарат пайда болғаннан кейін ішкі істер министрлігі мен тергеу комитеті істі қолына алған. Кейін вандализм нацизмді ақтау бабымен алмастырылды. Тергеу орындары әрекет “көптің көзінше жасалғанына” назар аударады. Алайда БАҚ-тың жазуынша, ер адам оны түн ішінде ешкім жоқта өртеген.

  • Осыған дейін тергеу комитетінің жетекшісі Александр Бастрыкин аннексияланған Севастопольде Мәңгілік алаудан темекісін тұтандырған жасөспірімдерге қозғалған істі тоқтатуға келіспеген. Ол істі ведомствоға беруді талап етті. Жергілікті тергеушілер бұзақылық жайлы істі тоқтатып, айыппұл тағайындауды ұсынған. Жасөспірімдер кінәсін мойындап, кешірім сұраған.
  • 2020 жылы желтоқсанда Санкт-Петербургте полиция қалалық парктердің бірінде Мәңгілік алауға қар лақтырған 13 жастағы екі қызды ұстаған. Олармен түсіндіру әңгіме жүргізілген. Ал ата-аналары “кәмелетке толмаған баласыларына дұрыс тәрбие бермегені үшін” әкімшілік жауапқа тартылған.
5 қазан 2021, 11:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.