Атырау, 9 қазан 23:20
 ашықВ Атырау +14
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Атырау облысының бюджеті - жарты триллион теңге

1 541 просмотра

2021 жылы Атырау облысының бюджеті 508,9 млрд теңгені құрап отыр, оның ішінде республикалық бюджеттен трансферттер – 77,1 млрд теңгеБұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Рафик АБУОВ баяндады  

Оның айтуынша, жергілікті бюджеттен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыруға 200 млн теңге, мал шаруашылығын субсидиялауға 300 млн теңге бөлінген.

Жергілікті бюджеттің инвестициялық жобалары бойынша, оның ішінде: «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында бөлінген нысандарды аяқтауға қосымша 532,8 млн теңге ұсынылған. Бұл Индер ауданы Жарсуат ауылынан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын аяқтауға; Индер ауданы Ынтымақ ауылының көше жарығын күрделі жөндеу жұмысын аяқтауға; Құрманғазы ауылында Бұзаусылан өзенінен жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысын аяқтауға; Миялы ауылының дене шынықтыру-сауықтыру кешенін күрделі жөндеу жұмысын аяқтауға; Миялы ауылының тоқ беру желісін қайта жаңғырту жұмысын аяқтауға; Қызылқоға ауданы Жасқайрат ауылына кіре беріс жолын жарықтандыру құрылысын аяқтауға; Қызылқоға ауданы Қоныстану ауылына кіре беріс ВЛ-0,4 кВ жарықтандыру құрылысын аяқтауға; Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылына кіре беріс жолын жарықтандыру құрылысын аяқтауға; Индербор кентіндегі С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің спорт алаңының құрылысын аяқтауға.

Бұдан бөлек, баяндамашы Индер ауданы Есбол ауылындағы зиратты қоршау жұмыстарына; Исатай ауданында «Қызыл үй» суару-суландыру жүйесін күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтауға (ұзындығы 22,8 км); Исатай ауданы Х.Ерғалиев ауылынан дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысын бастауға; Исатай ауданы Тұщықұдық дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу жүргізуге; Қызылқоға ауданында 18 мектепке құрал-жабдық сатып алуға; аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға материалдық көмекпен жәрдемдесуге; кезектегі азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге 246,5 млн теңге бөлуді ұсынды.

Көліктік инфрақұрылымды дамытуға Р.Абуов депутаттарға 100,4 млн теңге бөлуді ұсынды. Бұл - Атырау облысы бойынша ауданаралық жолаушылар тасымалын субсидиялауға және «Атырау-Аққыстау-Д.Нұрпейісова» теміржол қатынасын субсидиялауға.

Депутаттар Абуовтің ұсынысын бірауыздан қолдады.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

4 қазан 2021, 21:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.