Атырау, 9 қазан 23:15
 ашықВ Атырау +14
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Атырау маңындағы жолдарға 35 миллиард керек

1 123 просмотра

ӨКҚ-де өткен брифингте облыстық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Самат АЙТҚАЛИЕВ өңірдегі жолдардың қазіргі күйі мен оларды дамыту жоспарлары туралы әңгімеледі. Оның айтуынша, Атырау мен қала маңындағы көлік жолдарының жалпы ұзындығы 1634,9 шақырымды құрайды. Бүгінде оның 1421 шақырымы асфальтталды.

2021 жылы ауыспалы нысандар бойынша (Бейбарыс, Мәденов, Әуезов, Канцев, көшелеріне және Балықшы ы/а мен Зарослый ы/а дейінгі жол аралығына) қайта жаңғыртуға  3,88 млрд тенге бөлінді. Бұдан басқа, Еркінқала-2, Атырау-1, Ақсай-2, Тасқала-3, Дамбы-2, Зарослый-1, Талқайраң-2, Беймахис, Атырау, Атырау-2 және т.б. ықшам аудандарының көшелерін асфальттауға 2,97 млрд теңге бөлінді.

Ал жалпы ауқымы қарқынды кеңейіп жатқан қала маңындағы көшелерді асфальттауға, Айтқалиевтың айтуынша, 35,8 млрд теңге қажет. Жалпы облысқа қатысты:

- 2020 жылы  көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында 37 елді мекенді қамти отырып, 270 шақырымнан астам автокөлік жолдары жөнделіп, 115 шақырым жаяу жүргіншілер жолдары салынды. Ал қазір 87 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. «Ганюшкино-Приморье-Утеры-Котяевка» жолын күрделі жөндеу, "7 разъезд-Асан-Азғыр-Балқұдық-Сүйіндік" автомобиль жолын орташа жөндеу, "Ақкөл – Қызылоба - 4-разъезд - Қиғаш" жолын қайта жаңғырту, Қызылқоға ауданының Мұқыр, Сағыз, Жамансор ауылішілік және кірме жолын, Исатай ауданында Жанбай және Исатай ауылішілік автомобиль жолы, Құрманғазы ауданында Нұржау ауылішілік және кірме жолын, Жылыой ауданы Жаңа Қаратон кентінің жолдарын қайта жаңғырту, Махамбет ауданы Таңдай ауылішілік жолы күрделі жөндеу және т.б. жұмыстар жүргізілуде.

«АЖ» сауалы:

- Орал трассасымен жүк көліктері көп жүреді, ол жердің төсемі нашар күйде. Жағдайды жақсарту үшін қандай жоспар бар?

Брифингке қатысқан «Қазавтожол» ҰК» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Әсет ОРАЗҒАЛИЕВ

- Атырау-Махамбет тас жолы республикалық маңызы бар 500 шақырымдық Атырау-Орал тас жолының бөлігі. Соның Атырау облысына тиесілі аумағы - 189 шақырым. Еске салып өтейін, бұл тас жол 2003-2005 жылдары сол кездегі талап бойынша оське (білік) түсетін салмақ 8 тонна деген есеппен қайта жарақталған болатын. Бүгінде бұл талап оське түсетін салмақ 13 тоннаға дейін көбейтіліп өзгерді. Сондықтан «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында бұл жолды 4 жолаққа дейін кеңейту жоспарда бар. Қазір жобалау-іздестіру жұмыстары басталды, ол аяқталғаннан кейін ЖСҚ әзірленеді.

- Атырау-Қарабатан тас жолындағы жөндеу жұмыстары кезінде ұсақ қиыршық тастар көліктерге ұшып, алдыңғы әйнектері шағылған болатын. Жүргізушілерден шағым түсті ме?

Бұл республикалық маңызы бар Атырау-Ақтөбе тас жолының бөлігі. Биыл 598-553 шақырым жол учаскесіне орташа жөндеу жұмыстары басталды, ол екі жылға қарастырылған. Мұнда қиыршық тас бетін өңдеу әдісі қолданылады. Жалпы орташа жөндеу жұмыстары кезінде айналма жол қарастырылмайды. Сондықтан жолдың бір бөлігінде жұмыстар жүргізілсе, екінші жолында қозғалыс ашық болады. Жолақтар тар,  бұл жерде тәулігіне 7000-нан астам көлік өтеді. Сондықтан көлік жүргізушілерінен түсіністікпен қарап, жол қозғалысы ережелері мен жылдамдықты шектеу талаптарын сақтауды сұраймын.

- Атырау - Индер тас жолы («Еуропа» бөлігі) қашан жөнделеді?

- Ол 2005 жылы тапсырылды, нормативке сәйкес 15 жылдық пайдалану мерзімі өтті. 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» бғдарламасы аясында қайта жаңғыртуды көздеп отырмыз. Қазір жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.

Айнұр САПАРОВА

4 қазан 2021, 23:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.