Атырау, 9 қазан 23:22
 ашықВ Атырау +14
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Босанып, дәретханаға тастаған

1 111 просмотра

4 қазанда Индер ауданында (елді мекен нақтыланбаған) 31 жастағы әйел босанып, сәбиін ағаш дәретхананың шұңқырына тасаған. Бағына орай, жаңа туған нәресте аман қалды. 

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, шақалақ Индер аудандық ауруханасына жатқызылған. 

- Нәресте ер бала, суықтап қалған. Дәрігерлер нәрестенің өмірін сақтап қалу үшін медициналық ем-дом шараларын жүргізді. Нәрестенің анасы аудандық аурухананың босанудан кейінгі бөліміне жатқызылды, - деп хабарлады басқарма.

Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Фархат АБИЛОВ

4 қазан 2021, 18:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.