Атырау, 9 қазан 23:19
 ашықВ Атырау +14
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Атырауда желіккендер полицияға өздері дәлел ұсынды

Бейнежазба
1 468 просмотра




Әлеуметтік желідегі атышулы видеоның «кейіпкерлеріне» айналған «Лададағы» жас желікпелер бірден бірнеше заң бұзушылық жасаған. Мұның бәрі жолаушылардың бірі түсірген қысқа бейнероликте жазылған. 

- Бұл видео көпшіліктің наразылығын тудырды. Полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін сақтамай көлік басқарған жүргізуші мен жолаушылары анықталды.  19 жастағы «Лада-21703» көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің «Бағдаршамның тыйым салатын сигналына қарамай өту», «Жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы», «Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы», «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу», «Маневр жасау қағидаларын бұзу» баптары бойынша әкімшілік хаттама жасақталды, - деп хабарлайды Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Көлік арнайы автотұраққа қойылды.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

Әлеуметтік желіден алынған бейнежазба

4 қазан 2021, 17:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.