Атырау, 9 қазан 23:19
 ашықВ Атырау +14
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

«Ресейлік» және «армениялық» нөмірлі көліктер шектен шығады

1 834 просмотра

Атырауда 16-30 кыркүйек аралығында «Шетел автокөліктері» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Полицейлер ресейлік және армян нөмірлері бар автокөліктерге ерекше назар аударды. Нәтижесінде жол ережелерін бұзушылар анықталды. 

Мысалы, 25 қыркүйекте түнде Азаттық  көшесінде ресейлік есепте тұрған «ВАЗ 2110» маркалы көлігі тоқтатылды. 50 жастағы жүргізушісінен ішімдіктің иісі байқалған, мас екенін медициналық сараптама растады. Сот шешімімен 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке қамауға алынды. 26 қыркүйекке қараған түні Канцев көшесінде ресейлік нөмірі бар «Ваз 2115» көлігі тоқтатылып, 34 жастағы жүргізушісінің мас екені анықталды. Ол да осындай жаза алды. 

Бұдан басқа, жалпы сомасы 3 млн 098 168 теңге болатын айыппұлдарын төлемей жүрген 77 жүргізуші анықталды. Олардың көпшілігі ресейлік және армяндық нөмірі бар көлік иелері. Арасында бір-бірден Қырғызстан мен Беларуссиядан әкелінген көліктер де бар. 

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

4 қазан 2021, 17:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.