Атырау, 10 қазан 00:32
 ашықВ Атырау +14
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Атырауда бес пациент донорлық жүрек күтуде

929 просмотра

Бүгінде Атырау облысында бес адам донорлық жүрекке кезекте тұр. Бұл туралы брифингте облыстық кардиология орталығы директорының орынбасары Сандуғаш ЖҰМАҒАЛИЕВА мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл жасанды сол жақ қарыншасы бар және жүрек ауруының ауыр түрімен ауыратын адамдар.

Бұған дейін, Астанадағы Ұлттық кардиохирургия орталығында Атырау облысының үш тұрғынына жүрек ауыстыру бойынша ең күрделі операция жасалды. Олар облыстық кардиология орталығы мамандарының бақылауында.

Мамандардың пікірінше, жүрек ауыстыру - терминалды (соңғы) сатыда созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар науқастардың өмірін ұзартудың бірден-бір жолы.

Айнұр САПАРОВА

4 қазан 2021, 15:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.