Филиппин президенті Родриго Дутерте күтпеген жерден "саясаттан кетемін" деп мәлімдеді. Бұл туралы хабар таратқан Батыс басылымдары филиппин лидеріне есірткі сатушыларды өлтіруге үндеуін, адамдармен дөрекі сөйлесуін еске салды.
BBC сайтының жазуынша, Филиппин конституциясы бойынша Дутерте екінші мерзімге сайлана алмайды. Бірақ ол вице-президент қызметіне таласа алар еді. Алайда сенбі, 2 қазан күні ел астанасы Манилада өткен ресми шарада ол вице-президент сайлауына түспейтінін мәлімдеді. Вице-президент сайлауына түсу конституцияны бұзушы еді деді Дутерте.
Сарапшылар Дутертенің саясаттан біржола кететініне сеніңкіремейді. Дутерте осы арқылы қызының саяси мансабына ден қойып отыр деген пікір бар.
Дутерте әлемдік қауымдастыққа өзінің даулы мәлімдемелерімен танымал. Ол есірткі сатушыларға соғыс жариялап, оның соңы мыңдаған адамның өліміне әкелді. Дутерте есірткіні сататындар мен есірткіге тәуелді адамдарды өлтіруге шақырған. Өзінің де үш есірткі сатушыны өлтіргенін мәлімдеген. Оның тұсында тәуелсіз басылымдарды қудалау да күшейді.