Атырау, 29 наурыз 14:15
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Атырау облысында бір тәулікте 23 адам Covid-19 жұқтырған

1 137 просмотра

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 23 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 15 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 1 науқас анықталды. 

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Қызылқоға ауданында - 5 науқас анықталды, Құрманғазы ауданында - 2 адам, Мақат ауданында - 1 адам. 

Коронавирустық инфекциясы бар 2 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 21 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 124 адам емделді.

Қазір 541 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 112, екінші облыстық ауруханада – 58 пациент,
аудандық инфекциялық стационарларда - 36. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 69 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "сары" аймақта.

4 қазан 2021, 08:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.