Атырау, 10 қазан 00:30
 ашықВ Атырау +14
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

«Атырау – сүйікті қалам»

Сурет Бейнежазба
2 618 просмотра

Осындай тақырыппен 2 қазанда Атырау қаласының 381 жылдығына орай «Белуга» қонақ үйінде тақырыбында жергілікті фотографтардың фото көрмесі ұйымдастырылды.

Шараны ұйымдастырушы Атырау облыстық кәсіпкерлер және жұмыс берушілер одағы төрағасының орынбасары Рафхат БОЗБАЛИЕВТІҢ айтуынша, көрмеге 20 автор Атырау туралы түсірген суреттерін жіберген. Кадрларда қаланың әсем ғимараттары, табиғаты, қала тіршілігі көрініс табады.

Әбунасыр АКИМОВ, әуесқой фотограф:

- Фотокөрме өтетіні туралы жарнамадан көріп хабарласып, 6 суретімді жібердім. Мысалы мына сурет таңда түсірілген. Күннің шығуы Жайықпен көгілдір аспанға қызыл рең беріп тұр екен. Бірден жақсы кадр шығатынын білдім.

- Негізгі мамандығыңыз қандай? Суреттерді арнайы шығып түсіресіз бе?

- Мамандығым дәрігер. Емханада хирург болып жұмыс істеймін. Сол себепті кадрларды жұмысқа бара жатып, келе жатып түсіремін. Фотоаппаратым мен дрон сөмкемде жүреді, кейде ауа райы күрт өзгеріп Атырау әдемі түске бөленеді. Суреттерімнің барлығы сондай қайталанбас сәттерде түсірілген. Мысалы мешіттің үстінде көгершіндер қалықтаған мына суретті дронмен түсіргем, көбісі әлеуметтік желіден көріп бұл суретті фотошоп деп ойлады. Бұл шынайы тсүірілген сурет!

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

4 қазан 2021, 12:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.