Атырау, 10 қазан 00:28
 ашықВ Атырау +14
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Әкімдік өтінсе, жылу ертерек беріледі

1 770 просмотра

1 қазанда «Атырау жылу жүйелері» АҚ әлеуметтік нысандарға жылу бере бастады. Ал көппәтерлі үйлерді әдеттегіше 15 қазаннан бұрын қосу үшін қала әкімдігінің хаты қажет.

- Облыс әкімінің қаулысына сәйкес, әлеуметтік нысандарға - балабақшаларға, мектептерге, ауруханаларға жылу беру процесі 1 қазаннан бастап, ал көпқабатты тұрғын үйлерге - 15 қазаннан бастап беріледі. Бірақ әкімдік бізге, егер 3 күн бойы орташа температура +8 градустан төмен болса, жылыту маусымын ертерек бастау өтінішімен хат жолдай алады. 2019 жылы ауа райы жағдайына байланысты жылыту маусымы 8 қазанда, 2020 жылы 12 қазанда басталды, - дейді «Атырау жылу жүйелері» АҚ бірінші вице-президенті Әлібек ТЕМІРҒАЛИЕВ. Қазір түнде суық болып жүр, жалпы маусымның суық болатын түрі бар.

Ресми ақпарат бойынша, Атырауда  көпқабатты 1018 тұрғын үйге АЖЭО орталықтандырылған жүйесінен, 16 үй «Атырау облысы су арнасы» КМК қазандығынан, 37 үй «Тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС-нің жеке қазандығынан жылу беріледі. Ал 62 үй жеке қазандықтардан жылу алады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

1 қазан 2021, 16:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.