Атырау, 10 қазан 00:25
 ашықВ Атырау +14
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

НИШ-тің күн энергиясы

2 137 просмотра

Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мектептің жылдық энергия шығынын 30%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік беретін күн станциясы жұмыс істей бастады. 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының еліміздің Энергетика министрлігімен бірлесе отырып, 2018 жылдан бастап жүзеге асырып келе жатқан «Күн энергиясы – мектептерге» жобасы жасыл экономикаға біртіндеп көшуге және парниктік газдарды қысқартуға, жаңартылатын энергия көздерін дамытуға бағытталған, сондай-ақ оқушылардың нақты ғылымдарды (STEM) зерттеуге қызығушылығын арттыру және олардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға үлес қосады. 

Қазіргі уақытта күн фотоэлектр жүйелері Нұр-Сұлтан, Ақтау және Орал қалаларының Назарбаев Зияткерлік мектептерінде орнатылған. Сондай-ақ Түркістан қаласындағы жаңа Зияткерлік мектепте күн станциясының құрылысы жоспарлануда. 

Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің аумағында күн панельдерінің құрылысы 2021 жылдың мамыр айында басталды. 

– «Күн энергиясы – мектептерге» – бұл экологиялық және білім беру жобасы, ол жасыл экономиканы кеңейтуге, жаңартылатын энергия көздерін енгізуге, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және STEM-білім беруді дамытуға бағытталған. Жобаны бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, сондай-ақ энергетикалық және білім беру компанияларының табысты ынтымақтастығының үлгісі деп атауға болады, - деді «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма Төрайымы Күләш Шәмшидинова. 

Күн панелі салтанатты түрде іске қосылғаннан кейін оқушылар нано және биотехнология саласындағы, әсіресе экологиялық бағыттағы ғылыми жетістіктері мен жаңа өнертабыстарын таныстырды.

1 қазан 2021, 17:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.