Атырау, 10 қазан 01:22
 ашықВ Атырау +14
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Жаңа бас салық қызметкері

1 781 просмотра

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып Нұралхан КӨШЕРОВ тағайындалды.

Ол Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Қазақ гуманитарлық заң университеті, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі болып бастаған. 2009-2011 жылдары Қаржы министрлігінің Салық комитетінде талдаушы, Астана қаласы салық басқармасының заңды тұлғалардың салық аудиті бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген.

2011-2014 жылдар аралығында Астана қаласының Салық департаменті Есіл ауданының салық басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды. 2014 жылдан 2015 жылға дейін Астана қаласы Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бастығы болды. 2015-2018 жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2018 жылдың қазанынан бастап осы тағайындауға дейін Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне басшылық етті.

Айнұр САПАРОВА

1 қазан 2021, 14:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.