Атырау, 10 қазан 00:22
 ашықВ Атырау +14
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Арзан долларға айырбастаймын деп алдаған

952 просмотра

Атыраудың үш тұрғыны әлдебір әйелдің төмен бағаммен теңгені долларға айырбастап беремін деп уәде етіп, ақшаны алып, өзі ғайып болғаны туралы полицияға шағым түсірді. Зардап шегушілерге тигізілген зиянның жалпы көлемі - 1 миллион 300 мың теңге.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

32 жастағы күдіктінің жеке басы анықталып, оған іздеу жарияланды.

Айнұр САПАРОВА


4 қазан 2021, 15:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.