Атырау, 10 қазан 01:26
 ашықВ Атырау +14
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Сәбиін өлтірушінің соты: «Ол не істеп жатқанын ұғынбаған»

1 574 просмотра

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 4 айлық ұлына 38 жерден пышақ жарақатын салған Көптоғай ауылының тұрғынына қатысты сот басталды. Нәрестенің тірі қалу мүмкіндігі жоқ еді.

Әйелдің өзі психиатриялық ауруханаға жатқызылғандықтан, процеске оның заңды өкілі мен зардап шегуші ретінде күйеуі қатысуда. Әйелге ҚР ҚК-нің 99-бабы, 2-тармағының 3-тармақшасы (Дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды өлтіру) бойынша айып тағылды.

Жан түршігерлік қылмыс 26 сәуірде Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылында болды. Отбасында тұңғышы дүниеге келгеннен кейін 42 жастағы анасы депрессияға түсіп, галлюцинация басталып,  үйінен төркініне жиі кетіп қалатын болған. 26 сәуірде таңертең күйеуі аудан орталығына кеткенде, әйел баласына бірнеше рет пышақ сұққан.

- Ол үнемі өзінен қара елес қалмайтынын айтатын. Оны бақсы-балгерлерге апардық, құрбандық шалдық, құран оқыттық. Сол оқиға болған күні шаруаларыммен аудан оралығына кетіп қалғанмын, мынадай жағдай болыпты. Ол сол сәтте өз әрекетіне есеп бермеді. Әйелім жалғыз баламызды қасақана өлтірмеді деп есептеймін. Сондықтан мен оны кешірдім, - деді күйеуі сотта.

Айыпталушыға галлюцинациямен, сандырақтаумен сипатталатын созылмалы параноидты шизофрения диагнозы қойылды.

- Іс материалдарыга сүйенсек, қылмыс жасаған кезде сотталушы өз әрекетін ұғына  алмаған, - деді судья Зарема ХАМИДУЛЛИНА.

- Қазір ол біздің емдеу мекемесінде жатыр. Жағдайы тұрақты. Тіпті ауруханадан қашан шығатынын сұрап қояды.  Бірақ психикалық бұзушылықтар байқалады, - дейді Атырау облыстық Психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары Дамир ҚОЖАНТАЕВ.

Сот процесі жалғасуда. Әдетте мұндай жағдайда жабық психиатриялық мекемеге орналастыру туралы шешім қабылданады, бірақ соңғы сөз судья З.Хамидуллинада.

Фархат АБИЛОВ

1 қазан 2021, 12:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.