Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 68 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 44 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 8 науқас анықталды.
Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында - 2, Индер ауданында - 2, Қызылқоға ауданында - 5 науқас анықталды, Құрманғазы ауданында - 4, Мақат ауданында - 1, Махамбет ауданында - 1 адам.
Коронавирустық инфекциясы бар 41 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 27 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 122 адам емделді.
Қазір 710 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 112, екінші облыстық ауруханада – 55 пациент, аудандық инфекциялық стационарларда - 39. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 87 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "сары" аймақта.