Атырау, 29 наурыз 05:46
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Атырау» ФК жанкүйерлері өзгеріс талап етеді

Сурет Бейнежазба
1 357 просмотра

28 қыркүйекте «Атырау» 22-турда қостанайлық «Тобылды» өз алаңында қабылдап, 0:1 есебімен ұтылды. Енді 26 ұпайы бар клуб 14 орыннан 10-орынға жайғасқан. Матч кезінде және одан кейін жанкүйерлер тағы да бас бапкерді ауыстыруды және клубты ұстауға бюджет қаражатының ашық жұмсалуын, сондай-ақ оны сенімгерлік басқарудан облыс әкімдігінің балансына қайтаруды талап етті.

Жанкүйерлер трибунада «Атырау алаяқтарды асырап отыр» деген жазуы бар плакат ұстап шыққан еді, бірақ оны дереу олардан алып қойды.

«Атырау» бюджеті биыл 1 миллиард 272 миллион теңгені құрайды. Ақша 672 миллион және 600 миллионнан екі траншпен бөлінді.

- Біз жұмсалған ақша туралы есеп беруді талап етеміз, өйткені ол бюджеттің ақшасы, спорт нәтижесіне қарасақ, оның қайда кетіп жатқаны белгісіз. Маусым алдында клуб директоры Шпанов ҚР Кубогын жеңіп алып, чемпионатты үздік алтылықта аяқтауды мақсат етіп қойғанын мәлімдеді. Бірақ біз не көріп тұрмыз? Клуб турнир кестесінің соңына жайғасып, Кубоктан шығып кетті, - деп жанкүйерлер эмоцияларын білдіреді.

Жалғас КҮЗЕМБАЕВ:

- Оралдың «Ақжайық» командасының бюджеті екі есе аз, бірақ ол 6-орынға көтерілді, 4-5-орынға үміткер. Ал бізде қалай?

Футбол командасын ҚР чемпионаты мен кубогына қатысуға дайындау үшін бөлінген 160 миллион теңгенің тағдыры да жанкүйерлерді қатты қызықтырады. Кезінде осы ақша бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Атырау кәсіби спорт клубы» қоғамдық қорының лауазымды тұлғаларына қатысты ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-тармағының 2-тармақшасы («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді, бірақ содан кейін бұл тергеу туралы әңгіме басылып қалды.

- Осы мәселе бойынша облыс әкімдігіне жолдаған хатымызға сырғытпа жауап алдық, сол кезде біз президент әкімшілігіне жүгіндік, сонда бұл істің Жоғарғы сотта қаралып, қайта қарау үшін қайтарылғанын білдік, - дейді Федор ВОРОНОВ.

Ал жақында жанкүйерлер Мәдениет және спорт министрлігіне ашулы хат жолдаған, енді жауап күтіп отыр. Онда, атап айтқанда, былай делінген: «“Атырау” бір кездері «Ақжайық» клубын құлатып, бірінші лигаға түсірген футболға қатысы жоқ тұлғалардың сенімгерлік басқаруында, олар «Атырауды» да дәл осылай жасады. Оларға облыстық спорт басқармасының бұрынғы басшысы қамқорлық жасады, ол ФК-ны сенімгерлік басқаруға беруге қатысты. Сенімгерлік басқаруға берілген кезден бастап «Атырауда» түсініксіз саясат пайда болды, бюджет қаражаты төменгі деңгейдегі легионерлерді сатып алуға жұмсалуда, клуб басшылығының жұмысын ешкім бақыламайды, инфрақұрылым туралы айтудың қажеті де жоқ».

Федор ВОРОНОВ

Айта кетсек, 2020 жылғы ақпандағы жанкүйерлермен кездесуде облыстық футбол федерациясының жаңадан тағайындалған төрағасы Ізтұрған БАЙМҰХАНОВ бірінші кезекте футбол клубының қаржылық қызметіне аудит ұйымдастыруға уәде берді, бірақ кейін «АЖ» тілшісіне егер ФК облыс әкімшілігінің балансына кері қайтарылмаса, ол бұл іспен айналыспайтынын айтты.

Жанкүйерлерге қайта оралайық. Олардың талаптарының бірі - легионерлер санын барынша азайтып, командаға мүмкіндігінше жергілікті ойыншыларды тарту. Жанкүйерлердің айтуынша, шетелдік ойыншыларды көптеп шақыру - басшылыққа ойыншылардың жалақысы шетінен  «жырып» беру сияқты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туғызады. Айтпақшы, «Тобылмен» өткен матчқа бір ғана жергілікті ойыншы қатысты – ол Дәурен ҚАЙРАЛИЕВ.

Біз «Атырау» ФК баспасөз қызметіне жолықтық.

- Жеңілгеніне қарамастан, команданың ойынына жоғары баға беруге болады. Матч кезінде кейбір көрермендер арандатушылыққа жол берді. Олар екі жыл бойы «Атырау» футбол клубының жұмысына кедергі келтіріп, тырнақ астынан кір іздеп жүр, - деп жауап берді баспасөз қызметі. - Иә, 22-турдан кейін «Атырау» 7-орыннан 10-орынға түсті, бірақ 10 және 4-орындардың арасын 6-ақ ұпай бөліп тұр, әлі алда 4 тур өтеді және турнир кестесін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік бар.

2019 жылдан бастап «Атырау» ФК сенімді басқаруға берілді, келісімшарт 10 жылға бекітілген. Біз клубты облыс әкімдігінің балансына қайтару туралы сұраққа жауап бере алмаймыз, бұл біздің құзыретімізге кірмейді.

- Бұған қоса, жанкүйерлер командаға тек жергілікті ойыншыларды қосуды талап етеді. Бұған не дейсіз?

- Кез келген футбол командасы жақсы нәтижеге жету үшін легионерлердің көмегіне жүгінеді. Мысалы, қарағандылық «Шахтер» командасында 17 легионер бар. Петропавлдық «Қызылжарда» - 14 легионер. Олармен салыстырғанда, бізде жергілікті ойыншылар көп. Алаңға тек дайындық деңгейі жоғары ойыншы шығатыны жасырын емес. Дегенмен, болашағынан үміт күттіретін жергілікті ойыншылар бар. Атап айтқанда, Қазақстан жастар құрамасының тұрақты ойыншысы Әділбек ЖҰМАХАНОВ. 17 жасар Мұқағали ПАНГЕРЕЙ жастар құрама командасына шақырту алды. Рафаэль ОСПАНОВ, Ерасыл АМАНЖОЛ сынды ойыншылардың болашағы зор. Команда капитаны Дәурен ҚАЙРАЛИЕВ пен шабуылшы Алексей РОДИОНОВ әр ойында қатысады. Сөзімді қорыта келе айтарым, біздің командада жергілікті ойыншылар аз емес және олардың саны алдағы уақытта арта түседі.

Айнұр САПАРОВА

Бейнежазбаны түсірген автор

29 қыркүйек 2021, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.