Атырау, 20 сәуір 02:25
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Көктоғайда сайлау қалай өтті

Сурет Бейнежазба
1 948 просмотра

Бұдан бұрын Индер ауданы Көктоғай округінің бір топ жастары ауыл әкімін сайлауына сенімсіздік білдірген болатын. Осыған орай сайлау болған күні «АЖ» тілшісі аталмыш ауылға арнайы барған болатын. 

№118 сайлау учаскесінде үш үміткердің бірін таңдау халық құзырында болды, олар: Мәмбетқали Құсайынов, Мұрат Ильясов және Шапағат Ғаббасов. М. Құсайынов бұған дейін округ әкімі болып он жыл қызмет еткен. Ерте тұратын ауыл адамдарының алды таңғы 7.00-ден бастап келе бастаған. Сайлаушыларға  жағдай пандемияға байланысты санитарлық ережесіне сәйкес ұйымдастырылған, бес адамнан артық залға адам кіргізілмеді. «Нұр Отан» партиясы Индер ауданы филиалынан, Азаматтық қоғамнан және «Жәрдем Атырау» корпоративті қорынан үш адам бақылаушы міндетін атқаруда.

- Жалпы округ бойынша 1530 сайлаушы бар, 35 адамға денсаулығына байланысты келе алмауын ескеріп, арнайы жәшік апару ұйымдастырылуда. Таңнан сағат 16.00-ге дейін 1054 сайлаушы дауыс беріп үлгерді, -дейді сайлау учаскесінің төрағасы Бибігүл АРЗАХАНОВА.

Біз сайлаушылармен тілдеспек болғанбыз. Видеоға түсуден үрке қашқандардың көбі түрі сылтау айта бастады.

-Асығыспын, садақаға кетіп барамын, үлгеруім керек.

-Ал мен ештеңе айтпай-ақ қояйыншы.

-Мәмбетқалиды сайлаймыз ғой, бірнеше жылдан жұмыс жасап келе жатыр әкім болып, ауылға жақсы таныс. Біраз жұмыстарды атқаруда,-дейді Ғайша НАСЫРОВА, Қанат ҒАЗИЗУЛЛИН. Ал Анар ҮМБЕШ өз таңдауын құпия қалдыруды жөн көрді.

Ең қарт сайлаушы болып 93 жастағы Кәрім ТӨЛЕГЕНОВ (суретте) сайлау учаскесіне аяқтай келіп дауыс берді.


Бақылаушылар ешқандай заңдылық бұзылмағанын айтты. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор 

25 шілде 2021, 20:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.