Атырау, 14 қаңтар 03:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Атырау облысында екінші қуатты жел электр станциясы салынып жатыр

Сурет
2 746 рет қаралды

Мақат кентінен 12 шақырым жерде құны 45,7 млн еуро болатын «Vestas» компаниясының жел электр станциясы салынуда. Келесі жылы іске қосылады деп күтілуде.

Атырау облыстық Энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасы берген мәліметке сүйенсек, «Дивииэл» ЖШС салып жатқан жел электр станциясының қуаты желдің толық күшімен 48 МегаВатт құрайды – Бұл  Мақат ауданын электр қуатымен толық қамти алады. 

Еске салсақ, Атырау облысындағы алғашқы жел электр станциясы 2019 жылы Исатай ауданы, Манаш ауылында салынып, іске қосылған еді. 

- Қазіргі құрылғы да дәл сондай, айырмашылығы жел қағарларының саны аз - 24 дана (Манашта 36). Мұнда жел қағарларының 3 типі бар, биіктігі – 80, 90, 100 метр болады, әрқайсысының салмағы 7 тоннадан, - деді басқармадағылар.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

19 шілде 2021, 19:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.