Атырау, 5 мамыр 06:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Nur Otan-нан сайланған депутат Самаликов партиядан шығарылды

2 398 просмотра

Nur Otan партиясы қазір үйқамақта отырған Атырау облысы мәслихатының депутаты Абзал-Сенбі САМАЛИКОВТЫ өз қатарынан шығарды.

- Партияның облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясы осы факт бойынша Самаликовты Nur Otan қатарынан шығаруды ұсынып, мәжіліс өткізді. 18 маусымда партияның Мақат аудандық филиалы саяси кеңесінің бюро мәжілісі өтіп, онда Самаликовты Nur Otan-нан шығару туралы шешім қабылданды, - деп хабарлады партияның облыстық филиалы. Бұдан басқа, оның депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Бұдан бұрын «AЖ» Атырау облысы бойынша ҰҚК департаменті облыстық мәслихаттың Nur Otan партиясынан сайланған депутаты Абзал-Сенбі Самаликовқа және басқа 22 адамға қатысты қылмыстық іс қозғағанын хабарлаған еді. Тергеуге алынған барлық адамға, соның ішінде Самаликовқа Мақат станциясындағы тауарлық теміржол составы цистерналарынан жанар-жағармай ұрлады деген айып тағылуда.

Фархат ӘБІЛОВ

21 маусым 2021, 11:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.