Атырау, 24 сәуір 16:06
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Атырау облысында «Nur Otan»-нан сайланған облыстық мәслихат депутаты қамауға алынды

3 811 просмотра

«АЖ»-ға белгілі болғандай, Атырау облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті «NurOtan» партиясынан сайланған облыстық мәслихаттың депутаты Абзал-Сенбі САМАЛИКОВҚА және басқа 22 адамға қатысты қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта депутат үйқамаққа алынған.

«AЖ» ақпарат көздерінің хабарлауынша, бастапқыда Мақат ҰҚК қызметкерлері 262-баптың 1-тармағы (Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу) бойынша 20 адамға қатысты қылмыстық іс қозғаған. Кейін іске 189-баптың 4-тармағы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша тағы бір эпизод іске қосылды: депутат осы тармақ бойынша өтуде.

Тергеуге алынған барлық адамға, соның ішінде Самаликовқа Мақат станциясындағы тауарлық теміржол составы цистерналарынан жанар-жағармай ұрлады деген айып тағылуда. Тергеу нұсқасы бойынша, өткен жылдың 31 маусым мен 31 қазан аралығында күдіктілер 20 миллион теңгеден асатын сомаға 120 тонна ұрланған жанар-жағармай сатқан.

Айта кету керек, 43 жастағы Самаликов «Мақат-Атырау жүк тасымалдау локомотив пайдалану депосының» директоры. «NurOtan» праймеризінен кейін ол облыстық мәслихаттың депутаты, заңдылықты сақтау, құқық қорғау және депутаттық әдеп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болды.

«AЖ» тілшісі облыстық мәслихат аппаратының басшысы Ержан БАРЛЫБАЙҰЛЫНАН түсініктеме алуға тырысты, бірақ ол әлденеше рет қоңырау шалсақ та, тұтқаны көтермеді.

«АЖ»-ға белгілі болғандай, депутатқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, 9 адам тергеу изоляторына қамалды, қалғандары - үйқамаққа алынған немесе басқа жаққа шықпау туралы қолхатпен жүр.

Фархат ӘБІЛОВ

16 маусым 2021, 11:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.