Атырау, 12 қазан 01:32
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Жайылмаға шығып қалған үш тоннаға жуық қаракөзді көмуге тура келді

3 766 просмотра
Сурет әлеуметтік желіден алынды

Бұдан бұрын «AЖ» Бесікті ауылы маңындағы Безымянное көліне жайылма сумен қаракөз балығының көп түскені туралы хабарлаған еді. Аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының баспасөз қызметі 3 мамырда кешке қарай 2 тонна 670 келі өлі қаракөздің көмілгенін, 14,2 тоннасы терең жерге жіберілгенін хабарлады.

- Балықтың бәрі көлде, бірақ су қоймасының жағдайы балыққа онша қолайлы емес. Сондықтан балық шаруашылығы субъектілері үшін мелиоративтік балық аулауға рұқсат дайындалуда, - дейді инспекцияның баспасөз хатшысы Әсел ИЩАНОВА. Оның айтуынша, қазіргі уақытта бөгет салынды, су өткізуге арналған тор орнатылды. Жағдай қалыпқа келді, Жайықтан көлге енді балық бармайды.

Безымянное көлінің «Бесікті» жеке демалыс базасының аумағында орналасқанын атап өтеміз.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

4 мамыр 2021, 18:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.