Атырау, 12 наурыз 18:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.39
€ 567.99
₽ 6.19

Жайылмаға шығып қалған қаракөзді балық инспекторлары мен еріктілер құтқарды

2 192 рет қаралды

Әлеуметтік желіде көп балық, дені қаракөз, тасқын сумен бірге жыраға шығып қалғаны туралы бейнежазба тарады. Кадр сыртында айтылғандай,  бұл Махамбет ауданы 15-ауыл тұсында болған жағдай.

Атырау облыстық жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының хабарлауынша, мұндай жағдай жыл сайын су тасыған кезде орын алады – су деңгейі көтеріліп, ескі арналарға су құйылады. Видеода толып қалған сондай ескі арнаның бірі көрсетілген. Бірақ су тасқыны басылғаннан кейін су кетіп қалады.

- Әрине, біз оны назардан тыс қалдырған жоқпыз. 28 сәуірде мұнда жергілікті әкімдіктің, аудандық балық инспекциясы бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ жергілікті тұрғындар жұмыс істеді. Қолдағы бар құралдардың көмегімен балықтың барлығы дерлік өзенге көшірілді; тек бірнеше балық өлген, - деді инспекция мамандары.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Әлеуметтік желідегі бейнежазба

30 сәуір 2021, 11:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.