Атырау, 5 қараша 04:16
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +6
$ 489.36
€ 533.45
₽ 4.99

Газ: есепшоттар көбейді

4 174 просмотра

Өткен жылдың желтоқсанында, яғни «ОблТрансгаз» тарағанына бір ай өткен соң жаңа монополист «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ филиалы қоршаған ауа температурасына байланысты газ есептегіштерінің көрсеткіштеріне түзету коэффициентін қолданысқа енгізді.

Құспан молда (бұрынғы Самарқанд) көшесіндегі №19 үй тұрғыны Наталья БЕРЕЗИНА редакцияға 2012 жылдың қарашасында тұтынылған газ үшін 550 теңге төлегендігін хабарлады. Ал қаңтарда бақылаушылар оған желтоқсан үшін 6,7 мың теңгеге шот әкеліп, мұны «түзету коэффициентінің» әсері деп түсіндіріпті.

«ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ ӨФ маркетинг және өткізу жөніндегі директордың орынбасары Мақсот ӘБУОВ осы нақты жағдайды айқындау керектігін, бірақ түзету коэффициентінің мұндай көп сомаға шықпауы тиіс екендігін айтты. Дегенмен де енді дифференциялау жүзеге асырылады екен:

– Міне, қарапайым СГБ маркалы газ есептегіштің төлқұжаты, онымен облыстың бүкіл газ тұтынушылары дерлік жарақталған. Бұл жерде:

– СГБ газ есептегішінің температуралық компенсаторсыз көрсеткіштерін газ тұтынушы мен жеткізуші арасында есепайырысқанда МИ 2721-2007 типтік әдістемесі бойынша стандарттық жағдайға әкеледі. Мұнда  түзету коэффициенттері қолданылып, есептегіштердің нақты орнатылған жері (ғимараттан тыс, жылытылмайтын орынжай, жылытылатын орынжай) ескеріледі, - дейді М. Әбуов.

Газ есептегіштерінің көрсеткіштерін алумен және газ есебін таратумен айналысатын «Атырау» коммуналдық қызметтердің есеп-айырысу орталығы» ЖШС билингтік компаниясының мәліметтері бойынша, облыс бойынша 43 мың абонент бар екен, тек олардың жартысында ғана есептегіштер орынжайда орналасқан. Газшылардың айтуларынша, газ есептегіштері сыртта орналасқан тұрғындар: а) тұтынылған газ үшін өтемдік тариф бойынша төлеуді жалғастырады; б) есептегішті сырттан үйге әкеле алады; в) термокомпенсаторы бар жаңа есептегішті орната алады. Мұндай есептегіш аспаптарында «Т» деген әріп таңбасы соғылған.

М. Әбуов кезінде тұрғын үйлерді газ жүйесіне қосу жөніндегі техникалық шарттардың орынжайға газ өлшегіштер орнату талабымен берілгенін мәлімдеді. Сондықтан есептегіштері сыртта орналасқан тұрғындар газдандырумен айналысатын мердігерлерге өз талаптарын қоюлары тиіс.

– Егер абоненттік төлемді есептеу кезінде біз түзету коэффициентін ескермесек, шығынға қаламыз, өйткені, табиғи газ жеткізетін «Теңізшевройл» компаниясы отын жеткізгені үшін бізге қоршаған ауа температурасына бейімделген есеп-шотты ұсынады, - деп мәлімдеді М. Әбуов.

«ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ ӨФ газбен жабдықтау режимін есептеу бөлімінің бастығы Аркадий ФАДИННІҢпікірінше, түзету коэффициенті соншалықты көп те емес. Ол 2012 жылдың 10 тамызында ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларының» 42, 43-тармақтарының негізінде арнайы әдістеме бойынша есептеледі екен.

Коэффициент «Қазгидромет» РМК ұсынатын ауаның орташа айлық температурасына және орташа барометрлік атмосфералық қысымға байланысты болады.

Мәселен, желтоқсан айына 1,15 мөлшерде түзету коэффициенті белгіленді. Алаңы 100 шаршы метр жеке үй қожайыны айына орташа алғанда 800 текше метр газ тұтынады. Газ тарифі ҚҚС қосқанда мың текше метр үшін 4 511 теңге құрайды. Бұрын ол 3 608 теңге төлейтін болса, енді түзету коэффициентін қосқанда желтоқсан үшін 4 150 теңге, яғни 15%-ға көп төлейді.

Бір қызығы, әдістеме газ үшін төлемақыны қыста көбейтіп, жазда азайтуды қарастырады, өйткені газ көлемі төменгі температурада сығылып, ыстық кезде ұлғаяды. Біз газбен жарақтау режимін есептеу бөлімінің қызметкерлерінен түрлі температурада өтемдік коэффициенттің қандай болатынын әдістеме бойынша есептеп беруді өтінген едік. Газ берушілер өткен жылдың желтоқсанындағыдай барометрлік атмосфералық қысыммен - сынап бағанасы 771 миллиметр есебімен есептеп берді. Сонымен, түзету коэффициентінің мөлшері: -20 градуста – 1,2, -10 градуста – 1,15, 0 градуста – 1,11, +10 градуста – 1,07, +20 градуста– 1,03, +30 градуста – 1 (яғни, түзету коэффициентінің әсерінсіз қарапайым тариф) және +40 градуста – 0,97 құрады.

«АЖ» редакциясы ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат ОСПАНОВҚА ««ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ ӨФ әрекетінің заңдылығын бағалау өтінішімен хат жолдады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Жеңіс ТҰҢҒАТАРОВ

24 қаңтар 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.