Атырау, 23 желтоқсан 03:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Наурыз екі айдан кейін өлі табылды

3 401 рет қаралды

Ақпан айының басында жоғалып кеткен қала маңындағы Талғайраң ауылының 29 жастағы тұрғыны Наурыз ӘЙТЕКЕШОВ 17 сәуірде өлі күйінде табылды. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Мейірім ЕРДАУЛЕТ хабарлады.

Оның денесін «Жанәділ» шаруа қожалығының қызметкерлері вагон контейнерінен тапты.

- Сыртынан қарағанда зорлық-зомбылық іздері табылған жоқ, денесі мәйітханаға сараптамаға жіберілді, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетсек, Наурыз 5 ақпанда үйден шығып кетіп, кері оралмады. Оны іздеуге полиция, құтқарушылар кірісіп, еріктілер де көмекке келді.  

Наурыз Әйтекешов – Қарабатан станциясынан Талғайранға көшіп келіп, осы жерде қоныс тепкен отбасындағы 9 баланың төртіншісі. Осыдан бірнеше жыл бұрын осы баланың психикасына зақым келіп, арасында басы ауған бағытқа кетіп қалатын болған, бірақ ол кейін табылып жүрді.

Айнұр САПАРОВА

19 сәуір 2021, 13:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.