Атырау, 27 сәуір 03:01
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Жылуды өшірген жөн болар, ол енді қажет емес!

Толықтырылды
2 670 просмотра

Атырау қаласында соңғы бірнеше күн бойы күн жылы болып тұр, тіпті ыстық деуге болады, мысалы, 10 сәуірде +28 градусқа жетті. Ал көп қабатты үйлердегі орталықтан берілетін жылу әлі өшірілген жоқ: коммуналдық қызметкерлер жылыту маусымының (15 сәуір) ресми аяқталуын мұқият күтіп отыр. Әлеуметтік желіде осы мәселеге қатысты наразылық білдіргендер көп.

Пайдаланушылар АЖЭО көп ақша жинау үшін арнайы осылай жасап отыр деп ойлайды. Сонымен қатар олар шаңды дауылдың салдарынан осы ыстықта пәтердің терезесін аша алмай қиналып отырғандарын да жеткізді. Әкімдіктің 109 қызметі тұрғындардың шағымын қабылдап, тіркеп алады. Қала тұрғындарының бірі 109-дан мынадай жауап алды: «АЖЭО 14-15 сәуірде жылу тасымалдағыштың есептік температурасына магистралды жылу желілерінің жоспарлы сынағын өткізетінін Сіздің қаперіңізге береміз. Сынақ кезінде тұтынушылардың жылу және сумен жабдықтау жүйелерінде температура көтеріледі. Үйдегі ішкі температураны төмендету мақсатында әлсін-әлі желдетіп алуды ұсынамыз. Термиялық күйіп алып қалмау үшін жылу трассаларына жақындамауды өтінеміз. Ережеге сәйкес, жылыту маусымы 16 сәуірде аяқталады».

Біз АЖЭО хабарласқанбыз, алайда бізге жауап берілмеді, тек бұл мәселені басшылыққа жеткізетінін ғана айтты.

Кейін «Атырау жылу жүйелері» АҚ орташа тәуліктік күннің қызуы тұрақтануына байланысты жылу беру маусымы ертең, 13 сәуірде аяқталатынын хабарлады.

Естеріңізге сала кетсек, қаңтар айының басында атыраулықтар жылу түбіртектеріндегі бағаны көріп таң қалған еді – АЖЭО-да ол кезде оны қатты суық болған 2020 жылғы желтоқсан айының қорытындысы бойынша жылуды нақты тұтынғаны үшін төлем деп түсіндірді. Тұтынушылар бұл мәселені қанша көтерсе де, олардың пайдасына шешілген жоқ. Енді олар ыстықта жылу үшін төлеуі керек. 

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

12 сәуір 2021, 16:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.