Атырау, 20 сәуір 14:34
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Атырау облысы әкімінің орынбасары үкімет отырысында қатаң сөгіс алды

3 114 просмотра

Бүгін, 12 сәуірде үкімет отырысы барысында Атырау және Жамбыл облысы әкімдерінің орынбасарлары әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының негізсіз өскені үшін қатаң сөгіс алды.

Сауда және интеграция министрі Бақыт СҰЛТАНОВТЫҢ айтуынша, кей өңірлерде әлі күнге дейін азық-түлік бағасының өскені байқалады.

- Біз Атырау және Жамбыл облыстарында әлеуметтік маңызы бар тауар бағасының өсіп бара жатқанын көрдік. Сондықтан осы салаға жетекшілік ететін әкім орынбасарларына қатаң сөгіс жариялау керек, - деді премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан СМАЙЫЛОВ.

6 сәуірдегі жағдай бойынша еліміздің барлық өңірлерінен бағаның ең жоғары өсімі Жамбыл (4,2% - ға) және Атырау (3,8% - ға) облыстарында байқалды. Ал ең төменгі баға - Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында.

- Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы қымбаттамауы тиіс. Жергілікті атқарушы органдар қиындық туғызып отырған мәселелерді анықтап, оларды жергілікті бюджет есебінен жапқаны жөн, - деді Смайылов.

Премьер-министр Асқар МАМИН шенеуніктерге қатаң сөгіс беру туралы ұсынысты қолдады:

- Әлихан Асханұлының әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының негізсіз өсуіне жол бергені үшін Атырау және Жамбыл облысы әкімдерінің жауапты орынбасарларын қатаң сөгіс түрінде жазалау туралы ұсынысын қолдаймын.

Атырау облысының әкімдігінде бағаны биыл қаңтар айында осы қызметке тағайындалған әкімнің орынбасары Қайрат НҰРЛЫБАЕВ қадағалайды.

- Қазір ол ауруханада жатыр, жұмыстан шыққаннан кейін сөгіс қаралады, - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетсек, былтырғы жылдың соңында Атырау облысында 2020 жылғы 4-тоқсанға бекітілген азық-түлік өнімдеріне шекті бағаның өскені анықталды

Өз тілшіміз 

12 сәуір 2021, 15:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.