Атырау, 19 сәуір 08:56
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Жұмыртқа және басқа да азық-түлік қымбаттады

5 447 просмотра

Қазақстанда азық-түлік қымбаттап жатыр. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, азық-түлік бағаларының индексі 2020 жылғы қазанда қаңтармен салыстырғанда 100,8% болды. Нан-бөлке өнімдері мен жарма, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май, қант, кондитерлік өнімдер, алкогольсіз және алкогольдік сусындар, көкөністер қымбаттап, жемістер арзандады.

Біз кестені Статистика бюросынан алып, әлеуметтік маңызы бар 19 өнімнің бағаларын жергілікті нарықпен салыстырдық. 

Базарлардағы, супермаркеттердегі және аула дүкендеріндегі бағалар әртүрлі болатынын, кей жерлерде айтарлықтай - бір жерде арзан, бір жерде қымбат болатындығын ескеру қажет. Адамдар көбінесе үйінің маңындағы шағын дүкендерден азық-түлік сатып алады, сондықтан біз кейбір бағаларды сол жерден, ал кейбірін базардағы бағалар бойынша алдық.

Соңғы айда жұмыртқа бағасы қымбаттады. Қазір Атырау сөрелерінде С-2 санатындағы өзімізде өндірілетін жұмыртқалар сатылуда, олардың бір данасы орта есеппен 33-35 теңге тұрады. Ал сырттан әкелінетіндер Қазақстанның солтүстігінде құс тұмауының салдарынан құтсардың қырылуына байланысты әзірге жеткізіліп жатқан жоқ.

Күні кеше ғана редакцияға бір әйел қоңырау шалып, қара нанның 150 теңгеден сатылып жатқанын, жақында ғана оның бағасы 130 теңге болғанын айтты.

Кестеден жыл басынан бері өмірлік маңызы бар 19 тауардың бағасына шектеу белгіленгеніне қарамастан бағалардың өскенін көруге болады. Бұл көктемде, адамдар «өмірлік маңызы бар азық-түлікті» қапшықтап жаппай сатып алған кезде болды. Енді бәрі коронавирустың екінші толқынын күтуде, сол кезде бағалардың төмендемейтіні сөзсіз.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

11 қараша 2020, 11:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.