Атырау, 23 сәуір 12:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Атырауда балабақша тәрбиешісі баланы қинағаны үшін 4 жылға сотталды

3 889 просмотра

Атырау қаласының №2 соты сөйлеу қабілеті нашар балаларға арналған №20 «Алтын балық» мамандандырылған балабақшасының тәрбиешісіне үкім шығарды. Ол қорлау, яғни баланы ұдайы ұрып-соғу арқылы тән зардабына немесе психикалық зардап шегуге ұшыратқаны үшін кінәлі деп танылды.

«Звездочка» жоғарғы тобының тәрбиешісі ҚР ҚК-нің 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (Кәмелетке толмаған адамға азаптауды қолдану) бойынша айып тағылды.

Сот отырысы кезінде сотталушы Мәрия ІЗМАҒАМБЕТОВА өз кінәсін ішінара мойындады. Прокурор мен жәбірленуші тарап оған нақты бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады (жәбірленуші оны кешірген жоқ). 110-баптың 2-бөлігінде 4 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе айыру түріндегі жаза қарастырылған. Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес, жеңілдететін мән-жайлар болған кезде жаза төрт жыл сегіз айдан аспауы керек. Сотталушының жасы әлі кішкентай балалары барын сот  жеңілдететін мән-жай ретінде таныды.

«Сот үкім шығарған кезде балаға қарсы жасалған қылмыстың шектен шыққан арсыздық екенін ескерді», - деп атап өтті сотта.

Судья Эльмира ОЙКУЛОВА тәрбиешіні кінәлі деп тауып, 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде (жалпы режимдегі колонияда) өтеуге үкім шығарды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ  және шағым жасалуы мүмкін.

Сот ісі биылғы жылдың басында басталды. Басты дәлел ретінде балабақшаның бақылау камераларына жазылған бейнежазба ұсынылды - кейбір кадрларда тәрбиешінің баланы құлағынан қалай ұстап, шынтағымен итергенін көруге болады, бала еденде жатып жылағанда, әйел мән бермей оны жұбатуға тырыспайды.

Айта кету керек, бұл Атырау облысында баланы азаптағаны үшін тәрбиеші нақты жазаланған алғашқы үкім. 

Фархат ӘБІЛОВ

9 сәуір 2021, 15:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.