Атырау, 12 қазан 13:27
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Тегін медицина арқылы баюды көздеген-2: жазаны орындау кейінге қалдырылды

2 928 просмотра

Екінші сатыдағы сот Медициналық сақтандыру қорының ақшасын жымқырған кәсіпкерге қатысты жазаны кейінге қалдырды.

Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы сотталушының 2 жасар баласы бар екенін ескеріп және ҚР Қылмыстық кодексінің 74-бабының Жүктi әйелдердiң және жас балалары бар әйелдердің жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру») негізінде жазаның орындалуын бала 14 жасқа жеткенше кейінге қалдыруға болады деп шешті.

Естеріңізге салсақ, былтыр 4 желтоқсанда №2 қалалық соты әйелге ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-тармағы 2-тармақшасы («Аса ірі мөлшерде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу») бойынша 7 жарым жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарған болатын.

Қылмыстық іс материалдарына сүйенсек, ол екі кәсіпорынның директоры болған кезде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан тегін медициналық қызмет көрсетуге бөлінген 17 миллион теңгеге жуық қаражатты жымқырған. Алқа сот үкімінің мазмұнын өзгеріссіз қалдырды.

- Сотталушы өз кінәсін мойындамады, бірақ алқа бірінші сатыдағы сот қорытындылары негізді деген тұжырым жасады, - делінген қаулыда. - Дәлелдер жиынтығы сотталушының бюджет қаражатын жымқыру мақсатында өз атына жұмыс жасамайтын ЖК, сондай-ақ «Ортодонт-Медикал» ЖШС, «Нұрбек-Медикал» ЖШС-ін ашып, ӘМСҚ-мен 17 млн теңге көлемінде кепілдендірілген тегін медициналық қызмет көрсету туралы келісім жасасып, бұл ақшаны бірнеше траншпен алып, иемденгенін анықтады.

Өз атымен ашылған ЖК, сондай-ақ «Ортодонт-Медикал» ЖШС мен «Нұрбек-Медикал» ЖШС-нің жұмыс істемейтіндігі - бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерде не өндірістік база, не қызметкерлер болмағанымен, қарапайым тұрғын пәтерге тіркелгенімен расталды. Тексеру кезінде бастапқы медициналық құжаттама болмады.

Айнұр САПАРОВА

19 наурыз 2021, 11:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.