Атырау, 22 желтоқсан 20:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Тегін медицина арқылы баюды көздеген

2 981 рет қаралды

Атырауда кәсіпкер тегін медициналық қызмет көрсетуге бөлінген бюджет ақшасын жымқырды. Бұл туралы ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз хабарламасында көрсетілгендей, екі кәсіпорынның директорына қатысты қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы («Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін аса ірі көлемде жымқыру») бойынша тергелді. Оның «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы («Тегін медициналық қызмет көрсету») шеңберінде Атырау облысы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан бөлінген 17 миллион теңгеге жуық қаражат ұрлағаны анықталды.

Кейін Атырау қаласының №2 соты айыптаушы тарапты толығымен қолдап, әйелді 5 жыл мерзімге медициналық мекемелер мен денсаулық сақтау ұйымдарында жетекші лауазымдарды атқару құқығынан, 7 жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасын берді.  

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

24 қаңтар 2021, 23:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.