Атырау, 23 желтоқсан 06:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

«Атырау» - «Шахтер» матчының төрешісі төрешіліктен шеттетілді

2 815 рет қаралды

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының Төрелік ету және қадағалау департаментінің директоры Сергей КЕНЕТАЕВ ҚФФ сайтында хабарлады.

- ҚФФ Төрешілер комитетінің отырысы өтіп, онда «Атырау» мен «Шахтер» командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының 1-турының матчы өткен Атырау қаласы стадионының алаңнан тыс жерінде болған эпизод қаралды. Комитет мүшелері бүкіл қажетті материалдарды алды. Осы эпизодты бағалау үшін оларды ФИФА мен УЕФА төрешілер комитетіне жолдау туралы шешім қабылданды. Осы уақытқа дейін төреші Арман Есмұратов төрешіліктен шеттетіледі, - деп мәлімдеді Кенетаев.

Еске салсақ, 13 наурызда «Мұнайшы» стадионындағы матчтан кейін әлеуметтік желіде алаңнан тыс жерде «Атырау» ойыншысы, 20 жастағы жартылай қорғаушы Сәбит ТАСТАНБЕКОВ пен кездесу төрешісі Арман ЕСМҰРАТОВТЫҢ арасында жанжал болғаны туралы ақпарат пайда болды. Таралған роликтен төрешінің «Атырау» ойыншысын баспен соғып жібергенін көруге болады.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

18 наурыз 2021, 15:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.