Атырау, 21 желтоқсан 14:41
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

«Атырау» - «Шахтер» матчынан кейінгі жанжал: Төрешілер комитеті шешім қабылдайды

Бейнежазба
2 355 просмотра

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) Төрешілер комитеті Атырауда «Атырау» мен қарағандылық «Шахтер» командаларының кездесуінен кейін болған оқиғаны қарастырады.

Естеріңізге салсақ, сенбі күні 13 наурызда футболдан ел чемпионатының 1-турының аясында «Атырау» қарағандылық «Шахтер» командасын қабылдап, матч 0:1 есебімен меймандардың пайдасына аяқталды.

Матчтан кейін әлеуметтік желіде алаңнан тыс жерде «Атырау» ойыншысы, 20 жастағы жартылай қорғаушы Сәбит ТАСТАНБЕКОВ пен кездесу төрешісі Арман ЕСМҰРАТОВТЫҢ жанжалдасып қалғаны туралы ақпарат пайда болды.

Таратылған видеода төрешінің «Атырау» ойыншысын баспен соғып жібергені, содан кейін оны жиналғандардың айырып алғаны көрінеді.

«Атырау» ФК басшылығы бұл жанжал туралы түсініктеме берген жоқ.

14 наурызда ҚФФ төрелік ету және қадағалау департаментінің директоры Сергей КЕНЕТАЕВ бұл эпизодқа түсініктеме берді.

- Чемпионаттың бірінші турында «Атырау» мен «Шахтер» арасындағы ойын аяқталғаннан кейін кездесудің бас төрешісі мен алаң иелері ойыншысының қатысуымен алаңнан тыс жерде жанжал болды. ҚФФ төрелік ету және қадағалау департаменті бүкіл қажетті материалдарды жинады, енді Төрешілер комитетіне беріледі. Комитет ұсынылған материалдар мен реттеуші құжаттарға сүйене отырып, жақын арада шешім қабылдайды, - де мәлімдеді Кенетаев.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Әлеуметтік желіден алынған бейнежазба

17 наурыз 2021, 10:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.