Атырау, 23 желтоқсан 08:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Атырауда азаматтық белсенділерге айыппұл салынды

Бейнежазба
2 521 рет қаралды

Атырауда 14 наурызда сағат 12-де Макс БОКАЕВ бірнеше белсенді азаматпен бірге тағы да Исатай-Махамбет атындағы орталық алаңға шықты. Адам құқығы жөніндегі Қазақстан бюросы Атырау облыстық филиалының басшысы Әсел НҰРҒАЗИЕВАНЫҢ айтуынша, бұл жолы 6 адам жиналған.

Алаңда олардан басқа полиция қызметкерлері мен қала әкімінің орынбасары Самат ЕМБЕРГЕН, сонымен қатар біздің әріптесіміз – «31» телеарнаның меншікті тілшісі және бізге бейтаныс «жаңа тілшілер» жүрді. Бұл жолы дауыс зорайтқыш құралы болған жоқ. Бірақ сценарийі бұрынғы: Боқаев сөйлей бастағанда, билік өкілдері оның сөзін қайта-қайта  бөле берді.

Емберген де 28 ақпандағы митингіде ескерткендей, бұл митинг заңсыз, ол үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған деді.

Белсенді азамат Әлібек МҰСАҰЛЫНЫҢ айтуынша, оларға митинг өткізуге мүмкіндік бермеді.

- Алаңды полиция қызметкерлері қоршап тұрды, оған ешкімді өткізбеді, - дейді Мұсаұлы. Айтпақшы, күні бұрын сот оған ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы, 6-бөлігі («Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасында белгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілетін жиналыстарға, митингілерге, демонстрацияларға, шерулерге, пикеттеуге не өзге де жария іс-шараға қатысу») бойынша 30 АЕК (87510 теңге) мөлшерінде айыппұл салды.

- Мұны «аяушылық танытты» деуге болады. Бұл Макстің мені қорғап, жалғыз өзі пикетке шыққанынан деп ойлаймын. Әйтпесе, 15 тәулікке қамайтын еді, - дейді Мұсаұлы.

Естеріңізге сала кетсек, Исатай-Махамбет атындағы алаңда жақында өткен митингке қатысқан Тойған ӘУБЕКЕРОВАҒА 145 850 теңге айыппұл салынды.

Айнұр САПАРОВА

Бейнежазбаны түсірген Әсел Нұрғазиева

15 наурыз 2021, 10:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.